Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті. Мәжіліске құқық қорғау органдары мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында бизнес субъектілерінің құқықтарын бұзу, олардың қызметіне заңсыз араласу, жеткілікті негіздерсіз қылмыстық істер қозғау және бақылаушы органдар тарапынан негізсіз қысым жасау туралы 14 нақты өтініш қаралды.
Мәжілістің қорытындысында әрбір өтініш бойынша құқықтық негіздер мен қолданыстағы заңнама пысықталып, түсіндірілді.
Даулы жағдайларға ерекше назар аударылды — прокурорлар проблемалық материалдарды қайталап тексереді.
Бұдан басқа, іскерлік ортамен неғұрлым тиімді кері байланыс жасау үшін ІІМ-нің қосымша шараларды пысықтауы туралы шешім қабылданды.
Бас прокуратура бизнесті қорғау қадағалау органы қызметінің басым бағыты болып қала беретінін атап көрсетеді.
Мұндай мәжілістер кәсіпкерлерге заңсыз қысымның жүйелі алдын алу және экономикалық қызмет саласындағы заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі