БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының Өңірлік өкілі Матильда Богнермен кездесу туралы

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының Өңірлік өкілі Матильда Богнермен кездесу туралы

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Ғабит Садырбековтың БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия бойынша Өңірлік өкілі Матильда Богнермен кездесті.

Кездесу барысында адам құқықтары саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және болашақ перспективалары, сондай-ақ 2025-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы арасындағы Жол картасын іске асыру шеңберіндегі халықаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Ғабит Садырбеков Қазақстан азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қылмыспен күрес, оның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын іске асыру саласындағы 70-тен астам негізгі көпжақты конвенциялардың қатысушысы екенін атап өтті. Сондай-ақ ол құқық қорғау институттарын, омбудсменнің қызметін, Әлеуметтік кодексті қабылдау мен халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды жүзеге асыруды қоса алғанда, жүргізіліп жатқан реформалар туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар сұхбаттасушылар ағымдағы жылдың маусымда Женевада Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні жүзеге асыру жөніндегі Үшінші ұлттық баяндаманы қорғау мәселесі бойынша қазақстандық делегацияның жұмысын талқылады.

Өз кезегінде, Матильда Богнер БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы қызметінің және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нәтижелері бойынша сөз қозғады.

Кездесу соңында тараптар сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіріп, одан әрі іс-қимылдың бағыттарын айқындады.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі