ҚР Бас Прокуроры Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғары заң оқу орындары өкілдерімен кездесу өткізді

ҚР Бас Прокуроры Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғары заң оқу орындары өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов прокуратура-сот жүйесі үшін мамандар даярлайтын Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің жоғары оқу орындары делегацияларының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында прокурорларды даярлау саласындағы озық тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Бас Прокурор түркі елдері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол құқықтық кадрларды даярлау тәсілдерін жетілдіру, құқық қолдану саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу және заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ілгерілету қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар түркі халықтарын біріктіретін достық, өзара құрмет және бауырластық рухында заңгерлік білім беру саласындағы интеграцияны одан әрі тереңдетуге ниетті екендіктерін растады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі