Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Әл-Қахтанимен кездесуі туралы

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Әл-Қахтанимен кездесуі туралы

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б.Н. Асыловтың Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Әл-Қахтанимен кездесуі өтті.

Берік Асылов екі елдің құқық қорғау органдарының қылмыспен күресу, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара әрекеттесуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, қазақ тарапының сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Өз кезегінде сауд дипломатиялық корпусының басшысы біздің елдер арасындағы дәстүрлі жоғары сенім мен өзара түсіністік деңгейін атап өтіп, оның бірлескен тиімді өзара әрекеттесуге бейілділігін растады.

Әңгімелесушілер қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қарым-қатынастардың қол жеткізілген деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, оларды өзара мүдделі барлық салаларда одан әрі дамытуға ниет білдірді. 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі