БП
Меню
Страницы
Құжаттар
Прокуратура туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Прокуратура органдары
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
25 июня 2025
Бас прокуратурада а.ж. бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бас прокуратурада облыстардың және оларға теңестірілген аумақтардың прокурорларының қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн-қосылуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыста ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің қорытындылары шығарылды.

Бас Прокурор Б. Асылов құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестіруге, азаматтардың конституциялық құқықтарын, сондай-ақ адал бизнес пен мемлекеттің мүдделерін қорғауға басымдық бере отырып, «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға баса назар аударды.

Кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалауды жою қажеттілігі ерекше атап өтілді. Бас Прокурордың тиісті нұсқауынан кейін 2022 жылдан бастап мұндай фактілердің саны тұрақты түрде азайып келеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Азаматтық істер бойынша мемлекеттік органдардың иневсторларға қарсы талаптарының саны 25%-ға, бизнеске қатысты тіркелген қылмыстық істердің саны үш есеге қысқарды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығы атап өтілді. Ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы шаралар қабылданды, осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.

Басым бағыттардың қатарында – қадағалауды цифрландыру.

Бас прокуратура әзірлеген жасанды интеллект элементтері бар «Цифрлық қадағалау» бағдарламасы құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын іске асырудың тиімді құралына айналды.

Бағдарлама деректер мен болжамды талдауға негізделген проактивті форматқа көшуді көздейді. Бұл үдерісте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті қоғамдық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді ерте анықтау мен алдын алудың аналитикалық және технологиялық орталығы ретінде шешуші рөл атқаруы тиіс.

IT-шешімдердің арқасында қылмыскерлер мен борышкерлерді іздестіру жұмысы жақсарып, олардың саны 2,5 мыңға қысқарды.

Прокуратураның бастамасы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтендіру жөніндегі шаралар шеңберінде «Отбасының цифрлық картасы» платформасымен интеграция қамтамасыз етіліп, 200 есепте тұрған адамға атаулы көмек көрсету мүмкін болды.

Қарулы Күштердегі заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша әскери органдармен бірлесіп, моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға және армиядағы құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алуға бағытталған «Әскердегі Заң мен Тәртіп» және «Цифрлық профилактика» атты тұжырымдамалық бағдарламалар әзірленді.

Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру тұрақты бақылауда. Прокурорлық қадағалау шаралары аясында азаматтарды әскерге шақыру туралы бұйрықтардың күшін жою және шақыру комиссияларының құрамын заң талаптарына сәйкестендіру бөлігінде Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен жергілікті атқарушы органдарға 10 наразылық енгізілді.

Шақыру іс-шаралары барысында, оның ішінде әскерге шақырылушыларды тамақтандыруға, тасымалдауға және медициналық тексеруге бюджет қаражатын заңсыз жұмсауға байланысты 213 млн теңге көлемінде залал анықталып, оның 57 млн теңгесі өтелді.

Әскерге шақырылушылардың құқықтарын сақтау және оларды жиын пункттеріне заңсыз жеткізуге жол бермеу мақсатында прокуратура Қорғаныс министрлігімен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, әскерге шақырылушылардың өз еркімен келуін қамтамасыз ету алгоритмін бастамашылық етті және іске асырды.

Көлік саласындағы проблемалық мәселелер де талқыланды. Бас көлік прокуратурасы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, апаттылықтың алдын алу және ведомствоаралық үйлестірудің тиімділігін арттыру бағыттарындағы қадағалау қызметінің қорытындыларын ұсынды.

Президенттің стратегиялық бағытына сүйене отырып, прокурорлар қадағалау практикасы призмасы арқылы қоғамда «Адал азамат» — заңдылық пен құқықтық тәртіпті ұстанатын адал азамат қағидаттарын нығайтуда.

Құқықтық ағарту және алдын алу шеңберінде прокуратураның үйлестіруімен әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылуда: «Заң мен Тәртіп» атты мектеп пәнін енгізу, балаларды цифрлық қорғауға арналған «Балалар СИМ-картасы» жобасы және басқа да бастамалар.

Әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі негізі ретінде қауіпсіз қоғамды қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылы әлеуметтік-экономикалық салада 2 млн-нан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 14 мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өндіру, бағалы металдар айналымы, балық аулау және экспорттау, медициналық сақтандыру, спорт және басқа да әлеуметтік маңызы бар салалардағы тексерулердің қорытындысы бойынша 100 қылмыстық іс қозғалып. 58 адам сотталды

Прокуратураның тұрақты бақылауында — криминогендік жағдай. Ел бойынша қылмыс деңгейі 5%-ға төмендеді (56 369-дан 53 379-ға дейін).

Мемлекеттік айыптау 12,5 мың қылмыстық іс бойынша қолдау тапты. Қадағалау шеңберінде 425 адамға қатысты сот актілері заңға сәйкестендірілді, 248 сотталушының жағдайы жақсарды.

Есірткі және киберқылмыспен күрес бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Прокуратураның бастамасы бойынша 10 млрд теңгеден астам сомаға он мыңнан астам «тамшы» және есірткі дүкендерінің шоттары бұғатталды.

Кибералаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде ағымдағы жылы үш халықаралық қылмыстық колл-орталық жойылды. Прокуратураның үйлестіруімен «СИМ-бокстарды» пайдалану бойынша 47 сотқа дейінгі тергеу басталды, 82 құрылғы және 50 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді, 36 адам, оның ішінде 16 шетелдік ұсталды. 4 іс бойынша үкім шығарылды.

Арнайы прокурорлардың өндірісіндегі резонанстық істер бойынша үкімдер шықты.

Халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Ағымдағы жылы Катар және Кипрмен үш келісім ратификацияланды. 27 адам экстрадицияланды, 66 адам шет мемлекеттерге берілді.

Қазақстан Еуропалық құқықтық көмек туралы Конвенцияға қосылу жөнінде ресми шақыру алды. Бұл – құқықтық және дипломатиялық үлкен жетістік. Бұл – Еуропалық Одақтың Қазақстанның құқықтық жүйесін мойындауы. Мұнда Мемлекет басшысының рөлі ерекше болды.

Отырыс қорытындысы бойынша Бас Прокурор басым міндеттерді айқындап, алдағы кезеңге нақты тапсырмалар берді. Прокуратура “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасын іске асыруды, азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауды, активтерді қайтару, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қадағалау қызметінің басқа да маңызды бағыттары бойынша белсенді жұмысты жалғастырады, қылмысқа қарсы күресті үйлестіруді қамтамасыз етеді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

25 июня 2025
Прокуратура инвесторға субсидиялар төлем мәселесін шешті

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде.

Осы жұмыс шеңберінде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Taskala-Et BKO» ЖШС-не субсидияларды төлеуден негізсіз бас тартуды анықтады.

Мекеме 7,5 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңын салу жобасын іске асыруда.

Мемлекеттік қолдау алу үшін инвестор құрылыс материалдарын қағаз түрінде сатып алу туралы шот-фактураларды ұсынды.

Алайда, Ауыл шаруашылығы басқармасы электронды шот-фактураларды талап еткен.

Бұл ретте мемлекеттік орган Қаржы министрінің бұйрығының талаптарын қате түсіндірген, ол кәсіпкерлерді шығындарды есепке алу үшін тек электрондық шот-фактураларды беруге міндеттемейді.

Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы құрылып, облыс прокуратурасы жанындағы фронт-офис отырысына шығарылды.

Оны көшпелі тексеру қорытындысы бойынша бордақылау алаңының құрылысын аяқтау туралы акт жасалды.

Нәтижесінде «Taskala-et BKO» ЖШС-ға 121 млн теңге көлемінде субсидия төлеу туралы шешім қабылданды.

Бұл инвесторға мал сатып алуға және өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер мен инвесторлардың сигналдарына жедел ден қою мақсатында облыс прокуратурасының алаңында Фронт-офис құрылып, тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны +7-702-766-09-26).

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

24 июня 2025
Защита инвесторов - приоритет в надзорной деятельности

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша дәйекті жұмыс жүргізуде.

Бүгінде прокурорлардың назарында 64 трлн теңгеге осындай 1130 жоба бар.

2023 жылдың сәуірінен бастап прокурорлар 800 проблемалық мәселелерді сәтті шешіп, 1350 инвесторға, оның ішінде шетелдіктерге (Франция, Түркия, Қытай, Сингапур және т.б.) нақты көмек көрсетті.

Олардың инвестиция көлемі 10 трлн теңгеден асады.

Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың негізгі шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгі» енгізілді.

Бұл мемлекеттік органның прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауапкершілікке тартуға, талап-арыздар енгізуге, оның қызметін тоқтата тұруға, лицензияны қайтарып алуға, келісімшартты бұзуға және өзге де шектеулер қоюға құқығы жоқ дегенді білдіреді.

Осы жерде прокурордың келісімі кезінде «заңның әрпі» ғана емес, сонымен қатар ақылға қонымды көзқарас пен парасаттылықтың маңыздылығы да ескерілетіні өте маңызды.

«Прокурорлық сүзгі» лауазымды тұлғалардың шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етті және Мемлекет басшысы мен Парламент депутаттарының қолдауымен ағымдағы жылы заңдарда бекітілген.

Прокурорлар қазірдің өзінде 880-нен астам шешімді келісуден бас тартты, 360 заңсыз тексеруді, инвесторларға қатысты 330 әкімшілік іс жүргізуді және 200-ге жуық тыйым салу-шектеу шараларын тоқтатты.

Инвесторлардың құқықтарын бұзғаны үшін 225 лауазымды тұлға жазаланды.

Жалпы, инвесторларды қорғау шаралары айтарлықтай нәтиже берді.

Мемлекеттік органдардың инвесторларға қаралған талап арыздардың саны төрттен бір бөлікке азайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыс бойынша қозғалған істер саны екі есеге жуық азайды.

Прокурорлар елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

24 июня 2025
Бас прокуратурадағы Ашық есік күні: «Заң және Тәртіп» апталығы аясында ведомствоның жұмысымен танысу

Бас прокуратура Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында жариялаған «Заң және Тәртіп» апталығына орайластырылған Ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бастамасының бір бөлігі болды.

Оған қоғам өкілдері мен прокуратураның қызметіне қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.

Қонақтарға ведомствоның азаматтардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қылмысқа қарсы күресті үйлестіруге бағытталған жұмысы көрсетілді. Олар бөлім басшыларына сұрақтар қойып, қадағалау органының жұмысы туралы түсініктеме ала алды.

Мұндай акция барлық облыстық прокуратураларда бір мезгілде өткізіліп, тұрақты негізде жоспарланғанын айта кету керек.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

20 июня 2025
Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлаған күдікті Ресейден экстрадициялады

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады. 

Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласы банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған. 

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен  жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

16 июня 2025
Инвесторларды қорғау – қадағалау қызметіндегі басым бағыт

Маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу – прокуратура органдарының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.

Прокурорлық ерекше бақылауда 64 трлн теңгені құрайтын 1132 жоба бар.

Негізгі назар әлемнің 27 елінен келетін, инвестициялық тізілімге енгізілген, еліміздің экономикасы үшін басым маңызға ие инвестициялық жобаларға аударылған.

Жеке бақылауда Қытай мен Орталық Азия елдері (Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) инвесторлардың 48 жобасы.

Бүгінге прокурорлар Қазақстан экономикасына 1,4 трлн теңге көлемінде инвестиция құйған 24 инвестордың мәселесін шешті.

Мысалы, Қарағанды облысының прокуратурасы Фронт-офис жұмысы аясында тұрмыстық техника өндіру жобасын іске асырып жатқан өзбекстандық инвестор – «Silk Road Electronics» ЖШС-не 3 мәселені шешуге көмектесті: газ қазандықтарына газ тарту үшін рұқсат құжаттарын алу, нысанның техникалық төлқұжатын тіркеу және сот орындаушысының ақшаға тыйым салуын алып тастау.

Нәтижесінде 25 млрд теңгелік жоба іске қосылып, инвестор өндірілетін өнім түрін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Тағы бір мысал, көлік прокуратурасының араласуынан кейін ҚХР ірі порт компаниясына шетелдік жұмыс күшіне квота берілді.

Бұл Ақтау портында контейнерлік хаб салу жобасын іске асыруға мүмкіндік берді, инвестиция көлемі – 46,7 млрд теңге.

Сонымен қатар «прокурорлық сүзгі» аясында инвесторларды негізсіз әкімшілік істер қозғаудан, тексерулер тағайындаудан, шектеулер мен тыйымдар қолданудан, оларды сот процесіне тартудан қорғау қамтамасыз етіледі.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында салық органы формалды негіздерге сүйеніп, қытайлық инвесторды әкімшілік жауапкершілікке тартуға бастама көтерген.

Алайда прокуратура бұл шешімді келісуден бас тартты.

Инвестор өзінің жобасын (1,6 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған макарон өнімдерін өндіретін цех құрылысы) іске асыруды жалғастырды.

Жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда тұр.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

09 июня 2025
Жалған ақша жасағаны үшін Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды

 

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізе отырып, жалған банкноттарды сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады.

Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағында өткізген деген күдікке ілінген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың мамырында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура ұқсас қылмысты жасағаны үшін Швециядан Қазақстан азаматшасын экстрадициялап, қазіргі таңда ол сотталды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

06 июня 2025
Абай облысында Бас Прокурор прокуратура ғимаратын ашып, медициналық-әлеуметтік орталықтың құрылыс орнына естелік капсуласын салды

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Абай облысына сапары барысында құқықтық жүйенің дамуы мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін бейнелейтін екі маңызды шараға қатысты.
 
Қасиетті Құрбан айт мейрамы қарсаңында Бас Прокурор әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетуге арналған жаңа медициналық-әлеуметтік орталықтың құрылыс алаңында естелік капсуласын салды. Жоба Бас прокуратура шетелден қайтарған, бұрын ұрланған активтер есебінен (2,7 млрд теңге) жүзеге асырылып жатыр.
 
Аталған орталық азаматтарға денсаулық сақтау, әлеуметтік және психологиялық көмек бағыттарында кешенді қолдау көрсететін болады.
 
Бас Прокурордың айтуынша, бұл бастама – мемлекетке қайтарылған қаражаттың қоғам игілігіне жұмыс істеп жатқандығының және азаматтардың денсаулықты қорғау жөніндегі конституциялық құқығының қамтамасыз етіліп жатқандығының айқын дәлелі.
 
Аталған қаражат есебінен республика бойынша жалпы құны 240 млрд теңгеге жуық 333 нысан салынып жатыр, оның 162-сі – денсаулық сақтау саласына тиесілі. Абай облысында 15 нысан салынуда, оның ішінде 3 медициналық нысан және 12 сумен жабдықтау нысандары.
 
Салынған капсула – ұрпақтар сабақтастығының, қызметке адалдықтың және әрбір азаматқа деген құрметтің символы болды.
 
Құрылысты 2025 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.
 
Сонымен қатар, салтанатты жағдайда Абай облысы прокуратурасының жаңа ғимаратының ресми ашылуы өтті. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, прокуратура органдарының ардагерлері және облыс прокуратурасының жеке құрамы қатысты.
 
Сапар аясында Берік Асылов оқу орындарының студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді.
 
«Alikhan Bokeikhan University»-мен ынтымақтастық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
 
Бас Прокурор студенттерге «Заң және Тәртіп» идеологиясын облыс орталығының мектептерінде ілгерілетіп жүрген белсенді ұстанымдары үшін алғыс айтты.
 
Б. Асылов жеке өз атынан және Бас прокуратураның ұжымы атынан барша мұсылмандарды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтайды. Бұл қасиетті күні ол барлық қазақстандықтарға бейбіт өмір, амандық, жан тыныштығын, барлық істерінде табыс пен өркендеуді тілейді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

06 июня 2025
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының конференциясына қатысты (2025 жылғы 4–6 маусым, Моңғолия, Ұланбатыр қ.)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Моңғолия астанасы – Ұланбатыр қаласында өткен Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған Халықаралық прокурорлар қауымдастығының өңірлік конференциясына қатысты.

Конференцияға әлемнің 20-дан астам елінің жоғары қадағалау органдарының басшылары қатысып, ол «Прокурордың рөлінің эволюциясы: киберқылмыспен күрестегі сын-қатерлер мен озық тәжірибе» тақырыбына арналды.

Іс-шараны Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух ашып, заң үстемдігін қамтамасыз етуде және азаматтардың құқықтарын қорғауда прокуратура органдарының ерекше маңызын атап өтті, сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыспен күрес және заманауи трансұлттық қауіптерге қарсы тұруда халықаралық ынтымақтастықтың өзектілігін ерекше атады.

Конференция барысында цифрлық қауіпсіздік, киберқылмыспен күрестегі заманауи технологияларды қолдану, сондай-ақ қазіргі заманғы цифрлық платформалардың қылмыс деңгейіне ықпалы сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Қорытындысында қатысушылар күн тәртібі бойынша тәжірибе алмасуға жоғары қызығушылық білдіріп, заманауи ақпараттық технологиялар дамыған жағдайда халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасауға уағдаласты.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Ғ. Қойгелдиев Моңғолияның Бас прокурорымен, сондай-ақ Әзербайжан, Гонконг, Тәжікстан және басқа да елдердің прокуратура басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында қылмысқа қарсы іс-қимыл және іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланып, одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдар белгіленді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

02 июня 2025
Есірткі саудасы үшін 20 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан қылмыстық қоғамдастыққа қатысқаны, аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы мен олардың контрабандасы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады. А

талған тұлға 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий жеткізумен айналысқан қылмыстық қауымдастықтың құрамына кірген.

Күдікті есірткіні тасымалдау, сақтау және қылмыстық қауымдастықтың басқа мүшелеріне өткізу қызметтерін атқарған.

2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 кг героин мен 28 кг опий алынған.

Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.

20 жыл бойы іздеуде жүрген ол өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Социальные сети
facebook
youtube
telegram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы