
Елде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа аясында прокуратура органдары өткен Құрылтай депутаттары тарихисайлауының барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етті.
Сайлау науқанын жалпы алғанда, кандидаттарды ұсыну және партиялық тізімдерді тіркеу, үгіт жүргізу және дауыс беру процестерін қоса алғанда, құқықтық алаңда, тілектестік пен тыныштық жағдайында өтті.
Сайлау комиссиялары тарапынан бұзушылықтар, бюллетеньдерді заңсыз беру, басқа адамдар үшін дауыс беру және бюллетеньдерді тастау фактілері болған жоқ.
Сондай-ақ аккредиттелген байқаушылармен және БАҚ өкілдерімен жанжалдар, оларды сайлау учаскелерінен шығарып жіберу фактілері және қоғамдық тәртіптің өзге де өрескел бұзушылықтарытіркелген жоқ.
Сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің бүкіл кезеңінде әкімшілік құқық бұзушылықтың небәрі 2 құрамы бойынша 15 бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, бұл – 3 заңсыз сауал салу фактісі және 12 факт - оған тыйым салу кезеңінде үгіт жүргізу.
Салыстыру үшін, 2023 жылғы сайлауда әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 құрамы бойынша сайлау заңнамасын бұзудың 69фактісі орын алды.
2026 жылдың осы электоралдық кезеңінде прокурорлармен барлығы 12 өтінішті қаралды.
Олардың әрқайсысы бойыншатүсіндірме сипатындағы жауаптар берілді.
Барлық өтініштер партиялық тізімдерді тіркеу және үгіт жүргізу мәселелеріне қатысты болды.
Құқықтық ахуал 2023 жылғы наурыздаөткен Парламент Мәжілісі депутаттарыныңсайлауында мүлде өзгеше болды.
Сол кезде прокуратура органдары 113 өтініш пен шағымды қарады, яғни биылғыдан 9 есе көп.
2023 жылғы сайлау науқаны кезеңінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар сот органдарына 82 талап арыз берді, ал биыл, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттарсоттарға жүгінген жоқ.
Келтірілген деректер уәкілетті органдар мен прокуратураның «Заң және тәртіп» конституциялық қағидаты шеңберінде жүргізген ауқымды түсіндіру және профилактикалық жұмысының тиімділігін растап қана қоймай, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетінің сапалық тұрғыдан артқанын да айқын көрсетеді.
Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі
Жыл сайын Қазақстан жолдарында электрсамокаттар, мопедтер, велосипедтер және басқа да жеке мобильділік құралдарының саны артып келеді. Олардың танымалдығының өсуімен қатар, осы көлік түрлерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны да көбейіп отыр.
Жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 390 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 33 адам қаза тауып, тағы 461 адам жарақат алған. Велосипедшілердің кінәсінен 169, шағын электр көлік құралдарын басқарушылардың кінәсінен 97, электрсамокат жүргізушілерінің кінәсінен 47 жол-көлік оқиғасы орын алған. Осы оқиғалардың барлығында 329 кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, 10 бала қаза тапқан.
Сонымен бірге мұндай көлік құралдарын пайдаланушылардың өздері де жол-көлік оқиғаларынан зардап шегуде. Электрсамокат жүргізушілерін көлік қағып кетудің 145, мопед жүргізушілерін – 82, шағын электр көлік құралдарын басқарушыларды қағып кетудің 52 дерегі тіркелген. Бұл оқиғалар салдарынан төрт адам қаза тауып, 300-ге жуық адам түрлі жарақат алған.
Бұл көрсеткіштер жолдағы қауіпсіздік қозғалыстың барлық қатысушыларының тәртібіне байланысты екенін көрсетеді.
Жол-көлік оқиғаларының өсуіне байланысты жеке мобильділік құралдарын пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізілді. 2026 жылғы 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынады. Велосипед жолы немесе велосипед жолағы болған жағдайда, қозғалыс тек солар арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Олар болмаған кезде – жол жүрісі қағидаларына сәйкес жүріс бөлігінің оң жақ шетімен немесе жол жиегімен жүруге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ жүріс бөлігінде электрсамокатпен қозғалысқа тек 18 жасқа толған, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар және қорғаныш дулығасын пайдаланатын адамдарға рұқсат етілетінін есте сақтау қажет. Мопед жүргізушілері тек жүріс бөлігімен қозғалуға міндетті. Ал жолды жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өткен кезде самокат, велосипед және мопед иелері көліктен түсіп, оны қасынан жетектеп өтуі тиіс.
Жолаушыларды тасымалдауға, рөлді ұстамай телефон пайдалануға, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын элементтерсіз жүруге тыйым салынады.
Адамдар көп жүретін жерлерде жоғары жылдамдықпен қозғалу ерекше қауіп төндіреді. Мұндай жағдайда бірінші кезекте балалар, егде жастағы азаматтар және балалар арбасымен жүрген ата-аналар қауіп аймағында қалады. Бұдан бөлек, жолдың тайғақ болуы да қауіпті. Мысалы, су болған асфальтта, металл люктер мен плиткалы жабындарда дөңгелектің жолмен ілінісуі айтарлықтай төмендейді.
Әрбір сапар алдында көлік құралының техникалық жарамдылығына көз жеткізіп, қорғаныш құралдарын пайдалану және қозғалыс кезінде алаңдамау қажет.
Автокөлік жүргізушілері де барынша мұқият болуы тиіс. Қиылыстардан, аулалардан, жаяу жүргіншілер өткелдерінен және самокаттар мен велосипед пайдаланушыларының пайда болуы мүмкін орындардан өткен кезде жылдамдықты төмендетіп, жол жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне дайын болу қажет.
Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары ерекше алаңдаушылық туғызады. Ата-аналар балаларды ерте жастан бастап жол жүрісі қағидаларына үйретіп, олардың самокаттар мен велосипедтерді пайдалануын бақылауы және заңда тыйым салынған жағдайларда көлік құралдарын басқаруына жол бермеуі тиіс.
Бас прокуратура ескертеді: электрсамокат, велосипед немесе мопед адамды жолда осал болудан қорғамайды. Автокөлікпен соқтығысқан жағдайда екі дөңгелекті көлік жүргізушісі, әдетте, неғұрлым ауыр жарақат алады. Асығыстыққа, немқұрайлылыққа немесе жол ережелерін елемеуге кеткен бірнеше секунд адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Конституциялық өкілеттіктер шеңберінде прокуратура органдары Құрылтай депутаттарын сайлаудың барлық кезеңінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асыруды жалғастыруда.
Жалпы, сайлау циклі құқықтық алаңда өтуде.
Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісін тіркеді, оның ішінде 3 факт – сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуға және 5 факт – тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізуге байланысты.
Әкімшілік жауаптылыққа прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті жеке тұлғаны және бір заңды тұлғаны тартты. Олардың барлығы кінәсін мойындады, әрекеттеріне өкінді және онлайн-платформалардағы заңсыз жарияланымдарын жойды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 22 тамызда, сағат 00:00-де аяқталады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы 1-тармағына сәйкес дауыс беру күні және оның алдындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады, яғни 2026 жылғы 22 және 23 тамызда.
Осыған байланысты сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.
Сол сияқты Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады.
Бұл ретте, бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 32-бабы).
Сондай-ақ толтырылған бюллетеньді фото- және (немесе) бейнетүсірілімге түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.
Осы құқықтық шектеулер сақталмаған жағдайда үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде оны жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық туындайды (жеке тұлғаларға – 15, шығын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерін дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейтінін тағы да еске саламыз.
Сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуға тыйым салынады.
Көрсетілген құқықтық талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 25 айлық есептік көрсеткіш молшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының ережелерін қатаң сақтау қажет, оған сәйкес жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі, ал демонстрациялар мен шерулер үшін келісу тәртібі көзделген.
Жоғарыда көрсетілген белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оларға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабы бойынша айтарлықтай мерзімге қамаққа алуға дейінгі жаза көзделген.
Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен ұштасса, қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 400-бабы).
Масс-медиада жалған мәліметтер мен құқыққа қайшы контенттің таратылуына ерекше назар аударамыз, ол үшін қауіптілік дәрежесіне және келтірілген зиянға қарай Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық та, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша әкімшілік жаза да көзделген.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сайлау процесінің барлық қатысушысын аталған заң талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының орынбасары
Е. Өтегенов
Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағали бастаған қазақстандық прокуратураның делегациясы Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер бас прокурорлары орынбасарларының жұмыс кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қадағалау органдарының өкілдері халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Өз сөзінде қазақстандық делегацияның басшысы А.Жұмағали қылмыстың цифрлық ортаға белсенді енуі тығыз әрі жедел өзара іс-қимылды, уақтылы ақпарат алмасуды, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерді анықтау, тергеп-тексеру және алдын алу тәсілдерін жетілдіруді талап ететінін атап өтті.
Осы жағдайда Қазақстан прокуратурасы өз қызметін жүйелі түрде трансформациялап, үлкен көлемді деректерді талдауға, тәуекелдерді болжауға, сондай-ақ тергеп-тексерудің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жасанды интеллектіні енгізуде.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты кеңейтуге және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіруге мүдделілігін растады.
Іс-шара аясында А.Жұмағали іздестірудегі тұлғаларды экстрадициялау және нақты қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Тергеумен күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
Осы қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады.
Тергеу барысында 2019 жылдың ақпанында, күдікті алдау жолымен Ақмола облысында орналасқан кен орнында құрамында алтыны бар кенді өндіруге арналған келісімшарт жасасуға жәрдем көрсету сылтауымен үш азаматтың 500 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражатын иемденгені анықталды.
Сонымен қатар, 2021 жылы ол екі кәсіпкерді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен жол-құрылыс жұмыстарымен байланысты келісімшарт жасасуға жәрдем көрсету сылтауымен оған 93,4 млн теңге беруге көндірген.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейін күдікті жасырынған болатын және осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Өткен жылдың қыркүйек айында ол Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Тағылған айыптар үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру не онсыз жазасы көзделген.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
2026 жылғы 18 тамызда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15897554) «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Макао арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналастырылған.
Осы жобамен Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Макао арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 14 және 17-баптарына сәйкес аталған Келісімді ратификациялау арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға бағытталған.
Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
2026 жылғы 18 тамызда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15897579) «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналастырылған.
Осы жобамен Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 14 және 17-баптарына сәйкес аталған Келісімді ратификациялау арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға бағытталған.
Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қылмыс жасалғаннан кейін 17 жыл өткен соң Алматыдағы резонанс тудырған кісі өлтіруге қатысушыға қатысты сот үкімі шықты.
Ю. Юсупов ұзақ жылдар бойы Қазақстаннан тыс жерде жалған анкеталық деректермен жасырынып жүрген. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыс 2008 жылғы 19 мамырға қараған түні Алматы қаласының орталығында жасалған.
Сот анықтағандай, Юсупов пен оның сыбайласы А. Коваленко қылмыстық орта өкілімен жанжалдасып, жәбірленушіні Фурманов көшесіндегі үйдің жанында аңдыған. Оған бірнеше рет дәлдеп оқ атылған, соның ішінде басының желке тұсына бақылау ретінде оқ тиген. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан.
Кісі өлтіруден кейін Юсупов Қазақстаннан кетіп, халықаралық іздеуге жарияланды
Оның сыбайласы Коваленко қылмыстық әрекетін жалғастырған. 2008 жылдың жазында ол Қапшағайдағы «Старая крепость» демалыс аймағында болған қарулы оқиғадан кейін ұсталды. Оқиға барысында полиция қызметкері қаза тауып, тағы төрт адам ауыр жарақат алған. 2009 жылы Коваленко 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Юсуповты іздеу жұмыстары жалғасты.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қылмыстық ортада ол «Кинг-Конг» лақап атымен белгілі болған және қырғызстандық белгілі қылмыстық авторитеттың айналасына кірген. Қырғызстанның құқық қорғау органдары да оны 2007 жылы Бішкек қаласында көлік жуу орнының иесін өлтіру ісіне байланысты іздестірген.
Көп жыл бойы Юсупов Еуропа елдерінде өзгертілген анкеталық деректерді пайдаланып жасырынған.
Алайда 2025 жылғы тамызда Литва шекарасынан өту кезінде ол ұсталып, қараша айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Литвадан елге экстрадицияланды.
Ағымдағы жылдың шілдесінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Юсуповты адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған кісі өлтіруге көмектескені үшін кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бұл экстрадиция Бас прокуратураның халықаралық ынтымақтастық саласындағы жаңа тәсілдерінің және шетелдік әріптестермен жолға қойылған өзара іс-қимылдың нәтижесі болды.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен тікелей байланыстарды кеңейту, ақпаратпен жедел алмасу және халықаралық іздестірудің заманауи тетіктерін пайдалану жылдар бойы Қазақстанның сот төрелігінен жасырынып жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтап, елге қайтаруға мүмкіндік береді.
«Заң мен Тәртіп» қағидаты, соның ішінде жауаптылықтың бұлтартпастығын білдіреді: іздеуде болған уақыттың ұзақтығы да, жеке деректерін өзгерту де, елден тыс жерде жүру де сот төрелігінен жалтаруға мүмкіндік болмауы тиіс.
Мұндай адамдарды іздестіру және елге қайтару жұмыстары жалғастырылатын болады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен аталған елден денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматы экстрадицияланды.
Ол өткен жылдың қараша айында өз үйінде алкогольдік масаң күйде болып, ауызша жанжалдан кейін анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасағаны үшін күдіктелді.
Қылмыс жасағаннан кейін заңда белгіленген жауаптылықтан жалтару мақсатында күдікті қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында жүргені анықталып, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бас прокуратураның Баспасөз қызметі