БП

Меню

Страницы

Статья

Алаяқтардан сақ болыңыз!!!

Цифрландыру қазақстандықтардың өміріне тез енді. Бүгінгі таңда банктік, мемлекеттік және тұрмыстық қызметтердің кең ауқымына үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде тапсырыс беруге және алуға болады. 

Цифрландырудың сөзсіз артықшылықтары ыңғайлылықты, тиімділікті және ашықтықты қамтиды. Сонымен бірге, өкінішке орай, киберқылмыс та қатарласа дамып келеді. Мысалы, жасанды интеллекттің көмегімен адамның дауысын ғана емес, оның бейнесін де модельдеуге болады. Ол үшін телефон немесе бейне қоңырау арқылы дауыс пен бет бейнесін жазу жеткілікті.

Мәселен, өткен жылы барлық тіркелген алаяқтық істің жартысына жуығы ақпараттық жүйелердің көмегімен жасалған. Жалпы ел бойынша осы кезеңде интернет-алаяқтық 20 569-дан 21 777-ге дейін 6%-ға артқан.

Азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау үшін мемлекеттік органдар заңнаманы өзгерту шараларын қабылдауда, банктердің қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын талаптарды арттыруда, ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды қорғаудың жаңа құралдарын енгізуде.

Бірақ, соған қарамастан, азаматтар үшін интернет қызметтерін пайдалану кезінде сақ болуы маңызды. Өзіңізді және жақындарыңызды кибералаяқтардан қорғау үшін келесі ұсыныстарды орындаңыз:

- Бейтаныс адресаттардан электрондық поштадан сілтемелерді, SMS немесе әлеуметтік желілердегі хабарламаларды ашпаңыз;

- Белгісіз абоненттік нөмірлерден, әсіресе танымал қосымшалар (WhatsApp,Telegramm және т.б.) арқылы келетін қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеңіз. Бұл әсіресе бейне қоңырауларға қатысты;

- Сауалнама немесе дауыс беру үшін мессенджердегі кез келген топқа сізді қосса, дереу одан шығып кетіңіз;

- Ешқашан ешкімге құпия сөздер, логиндер, кодтар және басқа жеке деректерді (ЖСН, жеке куәлік, төлқұжат нөмірлері, төлем картасының деректемелері, соның ішінде картаның артқы жағындағы үш таңбалы код (CVV/CVC коды), карта нөмірі және оның жарамдылық мерзімі) бермеңіз;

 - Құрылғыларыңызға (смартфондар, ноутбуктер және т.б.) антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз және осы құрылғылардың операциялық жүйелерін үнемі жаңартып отырыңыз;

- Аккаунттарға екі сатылы қорғауды орнатыңыз;

- Егер сіз онлайн–сатып алуды жоспарласаңыз, операция туралы SMS немесе push- хабарландырулары қызметін қоса отырып, бөлек виртуалды (цифрлық) картаны тіркеңіз. Онлайн төлемдерге шектеу қойыңыз.

- Сатып алуды жоспарлап отырған интернет-дүкендердің шынайлығын мұқият тексеріңіз. Тек ресми және тексерілген онлайн ресурстарға кіріңіз;

- Жарнама бойынша сатып алу кезінде төлемді тауарды алғаннан кейін ғана жасаңыз;

- Банк қызметкерлерінен немесе ұялы байланыс операторларынан қоңыраулар түскен кезде, сөйлесуді тоқтатып, ресми өкілдердің байланыс орталықтары арқылы алынған ақпараттың дұрыстығын нақтылаңыз;

- жалпыға ортақ Wi-Fi желісі бар орынның әкімшісінен IP мекенжайын нақтылаңыз және қосылым атауын тексеріңіз;

 - Бейтаныс сайттарға тіркелмес бұрын, мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз (ол https:/ден басталуы керек);

- Жақын арада несие алуды жоспарламасаңыз, eGov мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салыңыз;  

- Егер сіздің деректеріңіз алаяқтардың қолына түссе, дереу картаңызды бұғаттаңыз және аккаунттардың, электрондық поштаның және банктік қосымшалардың құпия сөздерін өзгертіңіз. Банк пен құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Бұл қауіпсіздік шараларының толық тізімі емес, өйткені алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын үнемі жетілдіріп отырады.

Сондықтан ресми БАҚ-тағы алаяқтық туралы жаңалықтарды қадағалаңыз, сонымен қатар алаяқтардың айлалары туралы егде жастағы туыстарыңызбен бөлісіңіз, себебі олар көбінесе қаскүнемдер үшін оңай нысанаға айналады.

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

Стратегиялық даму

департаментінің бастығы                                                         

Ә. Нұрбеков

 

 

Дата публикации
29 марта 2024
Дата обновления
29 марта 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
29 марта 2024
Алаяқтардан сақ болыңыз!!!
Талдамалық мақала
06 марта 2024
Прокуратура азаматтар мен кәсіпкерлердің жолданымдары бойынша олардың құқықтары мен мүдделерін қорғады
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

facebook
youtube
telegram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары