БП

Меню

Страницы

Статья

«Прокуратураның тергеуі: тарихи кезеңдер және заманауи трендтер» - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы Ризабек Ожаров

Еліміздің тәуелсіздік жылдарында прокуратурадағы тергеу институты өзінің дамуының түрлі кезеңдерін еңсерді - дейді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.

Бастапқыда прокуратура тергеушілері ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары жасаған қылмыстарды тергеді.

1996 жылы прокурорлардың қылмыстық қудалау аясындағы өкілеттіктері алдын-ала тергеудің заңдылығын қадағалауға және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауға дейін қысқарды.

Тарих көрсеткендей, осы кезеңде мемлекет бірқатар жүйелік проблемаларға тап болды. Құқық қорғау органдары арасында ведомствоаралық бәсекелестік күшейіп, олардың корпоративтік мүдделері алшақтай бастады. Нарықтық экономиканың дамуымен ұйымдасқан қылмыс ауқымы кеңейді. Мұның бәрі құқық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын шоғырландыру түріндегі шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.

Сондықтан 2001 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен Бас Прокурорға прокурордың басшылығымен ведомствоаралық тергеу - жедел тергеу топтарын құру құқығы берілді.

Әр түрлі ведомстволардың қызметкерлерін топтарға қосу олардың әрқайсысының жедел және криминалистикалық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік берді, бұл тергеу тиімділігіне айтарлықтай әсер етті.

Күрделі және резонанстық қылмыстық істерді арнайы прокурорлардың жетекшілігімен тергеудің жетістіктері, сондай-ақ қоғамның оң бағасы прокуратураны қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдарының өзегі ретінде анықтады.

2009 жылы Бас прокуратураның құрылымында арнайы прокурорлар департаменті құрылды, ал 2017 жылы беделі артып, ол Арнайы прокурорлар қызметіне айналды.

Жаңа мәртебе елдегі криминогендік жағдайды ескере отырып, ұйымдық және штаттық өзгерістерді талап етті. Прокуратура алдында қызметті лайықты кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі тұрды.

Арнайы прокурорлар институтының дамуына әр жылдардағы құрылым басшылары елеулі үлес қосты: Исаев Нұрмаханбет Молдалиұлы, Мерзадинов Ерғали Серікбайұлы, Хайруллин Серік Кубашұлы, Жүсіпов Асхат Нұрғазыұлы, Мұқатаев Марат Әбусағитұлы, Кенжетаев Есенгелді Мұқышұлы, Абдулов Болат Қасымұлы, Әділхан Әсет Малғаждарұлы, Қараманов Серік Сәдуақасұлы, Миразов Ғабит Төреұлы, Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы, Тілеуғалеев Ыбрай Әшімханұлы, Патсаев Ұлықбек Қаныбекұлы, Ауғанбаев Нұрлан Жолдасұлы.

Бүгінгі таңда оңды тергеу тәжірибесі қалыптасты, қойылған міндеттерді сауатты орындауға және кез келген күрделіліктегі істерді тергеуге қабілетті кәсіби мамандар тобы жинақталды, бұл прокуратураның қылмыстық процестегі рөлін нығайтады.

Арнайы прокурорлар тұрақты сот-тергеу тәжірибесі қалыптаспаған төмендегі қылмыстарды тергеді: Ақтөбе, Алматы, Атырау және Жамбыл қалаларындағы террористік актілерді; қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануын; Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың ЖИТС жұқтыруына әкеп соққан дәрігерлердің немқұрайлылығын; Алматыда, Алматы және Жамбыл облыстарында авиа апаттарды; Қостанай өңіріндегі және Абай облысындағы ірі орман өрттерін, бірқатар атышулы тапсырысты кісі өлтіру; «Қорғас» ХШЫО арқылы ұйымдасқан қылмыстық топтардың Қытайдан контрабандалық тауарлар өткізумен айналысуын; банк секторындағы қылмыстар; Жаңаөзенде, Қордай өңірінде, сондай-ақ қаңтар оқиғалары барысында орын алған жаппай тәртіпсіздіктерді тергеді.

Прокуратураға заңмен нақты тергеулік айқындалмады, бұл шешім қабылдаудың жеделдігін және құқықтық қатынастардың барлық салаларында жүйелі қылмыстарға қарсы тұрудың алғышарты болды.

Қоғамдағы қажеттілік пен елдегі болып жатқан оқиғаларды ескере отырып, Бас Прокурор кезең-кезеңімен басымды бағыттағы істерді айқындап, оларды салалық нұсқаулықтарда бекітті.

Мемлекет басшысы 16.03.2022 жылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Азаматтардың негізгі құқықтарын қорғаудың маңыздылығын, құқық қорғау мәселелерін жетілдіру қажеттілігін және азаптауға байланысты қылмыстарды тергеуде жүйелі тәсілді енгізуді ерекше атап өтті.

Президент бұл функцияларды прокуратураға бекітуді ұсынды.

Бұл тәсіл, әрине, тергеудің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, құқық қорғау саласындағы озбырлық үшін жазаның бұлтартпастығын бекітеді.

Осыған байланысты, 2023 жылдан бастап азаптау істерін тергеу прокурордың айрықша құзыреті болып табылады.

Біз бірден жұмысқа кірістік – деп Ризабек Ожаров атап өтті.

Бас Прокурор «Азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірінші кезектегі  іс-шаралар жоспарын» бекітті.

Жыл басында прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы жаңа Нұсқаулық, «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі туралы» ереже, Ыстамбұл хаттамасына сәйкес азаптау туралы істерді тергеп-тексеру жөніндегі Нұсқаулық, азаптау туралы өтініштерді тіркеу және шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, бекітілді.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен Бас прокуратура арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Қылмыстық қудалау органдарының азаптауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған екі бірлескен ведомствоаралық бұйрығы қабылданды.

Біріншісі - сотқа дейінгі тергеу сатысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша.

Екіншісі - пенитенциарлық мекемелер мен полицияда бейнебақылаудың үздіксіз жұмыс істеуі бойынша.

Бас прокуратураның бастамасы бойынша ІІМ бұйрығымен азаптаудың алдын алу бойынша бірінші басшылардың жауапкершілігі бекітілді, Жоғарғы сот сотталушылардың азаптау туралы дәлелдерін тексеру туралы нормативтік қаулыға өзгерістер жобасын әзірледі.

Мұндай істерді тергеу кезінде прокурорлардың құқықтық білімін арттыру және практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Азаптауға қарсы коалиция, Еуропа Кеңесі, Жоғарғы Сот, адвокаттар алқасы, күштік құрылымдар қызметкерлерінің қатысуымен ағымдағы жылы азаптау істерін тергеудің өзекті мәселелері және осы бағыттағы халықаралық тәжірибе тақырыбында 4 семинар-тренинг және 1 дөңгелек үстел өткізілді.

Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасары ағымдағы жылдың маусым айында ІІМ-де еліміздің барлық полицейлерінің қатысуымен азаптауға «мүлдем төзбеушілік» тақырыбымен селекторлық кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Азаптауға қарсы іс-қимыл: азаптаудың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық аспектілері» тақырыбында ғылыми зерттеу жүргізуде.

Зерттеудің негізгі мақсаты азаптау қауіпі жоғары адамдарды (кандидаттар мен қызметкерлер) ерте анықтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Мемлекет басшысының үздіксіз бейнебақылаумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасының орындалу барысы тексерілді. ІІМ-не ұсыныс енгізілді. Өңірлер мен ІІМ полиция департаменттерінің 19 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қосымша 4 мыңға жуық бейнекамера орнатылды.

Мұның бәрі өзінің оң профилактикалық әсерін берді. Ағымдағы жылдың 9 айында азаптауды тіркеудің 57% - ға (722-ден 314-ке дейін) төмендеуіне қол жеткізілді.

Сотқа жіберілген істер саны төрт есеге артты.

107 азаматқа қатысты азаптау жасаған күштік органдарының 40 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазірдің өзінде 12 адам сотталды.

Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті, ТМД және Еуроодақ елдерінің құқық қорғау органдары мен сот корпусының басшылары қылмыстық сот төрелігі жүйесіндегі арнайы прокурорлардың рөлін  жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасы Төртінші мерзімді баяндаманы қорғау кезінде БҰҰ-ның тиісті комитеті де азаптауға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігіне оң бағасын берді.

Бүгін біз тектоникалық өзгерістер сатысында тұрмыз, сот төрелігінің үш буынды моделі енгізілуде, тергеуге күн сайын ақпараттық технологиялардың жаңа нұсқалары қосылуда, мұның бәрі қылмыстық процестің ашықтығына қол жеткізуге және заң үстемдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

2023 жылдың 9 айында республика бойынша прокурорлардың өндірісінде 500-ден астам қылмыстық іс болды.

Тергеу барысында 7,5 млрд теңге өндірілді. 14 млрд теңгеге жуық мүлікке тыйым салынды.

Істерді тергеуге ведомстволық бақылауды күшейту нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуын 71% - ға (38-ден 11-ге дейін), соттардың істерді  қайтаруын 33% - ға (3-тен 2-ге дейін), тергеу мерзімдерінің бұзылуын 15% - ға (92-ден 78-ге дейін) төмендетуге қол жеткізілді.

ҚПК-нің 200-бабының тәртібінде прокурорлар 93 ұсыныс енгізді, олар бойынша 127 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Бұл біздің қызметіміздің негізгі аспектілері.

Қорытындылай келе, прокуратураның тергеу мектебінің қайта жанданғанын атап өткім келеді. Ең алдымен, бұл прокуратураның қазіргі құрметті ардагерлерінің, қадағалау органында қызметін жалғастырған басқа құқық қорғау және арнайы органдардың тергеу қызметкерлерінің арқасында.

Бүгінде тергеу аппаратын нығайту қадағалау бөлімшелерінің қызметкерлері есебінен жүзеге асырылады, олар да сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқылы. Бұл жұмыста біздің жергілікті бөлімшелеріміз барынша көмек көрсетуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау, әлеуметтік-экономикалық салада тексерулер жүргізу және сотта мемлекеттік айыптауды қолдау саласындағы мол қадағалау тәжірибесі бар қызметкерлерден сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын жақсы прокурорлар шығатынына сенімдімін.

Қызметкердің экономика негіздерін, әлеуметтік қатынастарды және істердің сотта қаралу перспективаларын білуі прокурордың тергеу қызметіне  көмек болары сөзсіз.

Қызмет прокурорлары өз миссиясын ойдағыдай жүзеге асыруда және азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау қажеттілігінен туындаған жаңа міндеттерді орындауға дайын – деді қорытындылай келе Ризабек Ожаров. 

Дата публикации
08 ноября 2023
Дата обновления
08 ноября 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

10 февраля 2025
Берік Асылов: «Әрбір бала қауіпсіз ортада өсуі тиіс»
Талдамалық мақала
23 января 2025
2024 жылғы қылмыстылық ахуалы туралы
Талдамалық мақала
19 сентября 2024
Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында қайталама қылмыстың алдын алу мәселелері туралы

Социальные медиа

facebook
youtube
telegram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты