БП

Меню

Страницы

Статья

Прокурордың қылмыстық процестегі рөлі

Прокуратура органдарының конституциялық міндеттерінің бірі қылмыстық істер бойынша сотта мемлекет мүддесін білдіру болып табылады.  

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокурорлар 16 мыңнан астам қылмыстық іс бойынша соттарға қатысты – деді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Мұрат Ахметов.

Олардың сот ісіндегі басты міндеті-қылмыстық іс бойынша талқылауды заңды және әділ жүргізуді қамтамасыз ету.

Сотта сөйлеген сөзінде прокурор айыптау жағын ұстанбауы керек. Оның басты мақсаты – сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігін анықтау.

Егер прокурор дәлелдемелердің жоқтығын немесе айыпталушының құқықтарын бұза отырып алынғанын байқаса, онда оның сотта айыптаудан бас тартуы мәлімделеді. Биыл прокурорлар 9 адамға қатысты айыптаудан бас тартты, осылайша олардың конституциялық құқықтарын қорғады.

Қадағалау ведомствосының наразылықтары бойынша 9 адамның ақталғаны, тағы 189 сотталушыға шектен тыс қатаң тағайындаған жазалардың жеңілдетілгені сот процесінде прокурордың адам құқығын қорғаудағы рөлінің артып келе жатқан көрсетеді.

Мысалы, Бас Прокурордың наразылығы бойынша Жоғарғы Сотта Атырау қаласында орын алған 8 автокөлікті өртеп жіберген ТҚО-дағы өрт фактісі бойынша бұрын сотталған жеке кәсіпкер Исмағұлов ақталып шықты.

Кәсіпкердің кінәсін мойындай отырып, жергілікті сот ТҚҚ үй-жайын жалға беру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді, соның салдарынан жәбірленушілерге 23 811 699 теңге сомасында залал келтірілген деп есептеген.

Алайда, қылмыстық істің материалдарын зерделеу кезінде жоғары қадағалау органының прокурорлары Исмағұловтың іс-әрекеттері мен туындаған салдарлар арасында себеп-салдарлық байланыстың жоқ екенін анықтады. Өрт жалға алушының жұмысшысы жүргізген дәнекерлеу жұмыстарынан туындаған.

Басқаша айтқанда, Исмағұловтың оқиғаға кінәсі жоқ. 

Кассациялық сот Исмағұловқа тергеу жүргізген органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығын мойындады.

Осылайша, Бас прокуратура қылмыстық процесте азаматтың құқықтарын қорғады.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша Кароевке қатысты қылмыстық істі қайта қарады. Оның тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасауға оқталу әрекеттері үшін жазалау шарасын төмендете отырып, онша ауыр емес қылмысқа қайта сараланды.

«Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес ұрлықтың нысаны нақты бір мүлік болып табылады. Бұл мүлікте ұрлаудың біліктілігіне қарай белгілі қандай да бір құны болуы керек.

Ұрлық жасауға оқталған әрекетті саралау кезінде адам ұрламақ болған мүліктің құнын немесе оның ниетінің соңына дейін жеткізілмегенін ескеру қажет.

Алайда, қылмыстық қудалау органы және сот осы іс бойынша сотталған адам ұрлауға оқталған жәбірленушінің нақты мүлкін анықтамаған.

Осылайша, іс бойынша жеткілікті объективті дәлелдер және сотталған адамның бөтен мүлікті ұрлау ниетінің болуы және соның салдарынан оның іс-әрекеттерінде онда тұратын адамның еркіне қарсы тұрғын үйге заңсыз басып кіру фактісі ғана көрініс табады.

Бұдан шығатыны, тұрғын үйге заңсыз кіріп жасалған, белгіленбеген мүлікті ұрлауға оқталу кезінде кінәлілердің әрекеттері ҚК-нің 149-бабы бойынша саралануға жатады.

Жалпы алғанда, өтініштер мен наразылықтар бойынша 736 адамға қатысты үкім заңға сәйкес келтірілді – деп түйіндеді сөзін Мұрат Ахметов.

 

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Дата публикации
13 октября 2023
Дата обновления
13 октября 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

10 февраля 2025
Берік Асылов: «Әрбір бала қауіпсіз ортада өсуі тиіс»
Талдамалық мақала
23 января 2025
2024 жылғы қылмыстылық ахуалы туралы
Талдамалық мақала
19 сентября 2024
Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар арасында қайталама қылмыстың алдын алу мәселелері туралы

Социальные медиа

facebook
youtube
telegram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты