БП

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
press@prokuror.kz
Аккаунты соц. сетей:
Асылов Берік Ноғайұлы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Общая информация, образование

Асылов Берік Ноғайұлы, 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

С. М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО ӘҚК ҚК қатарында әскери борышын өтеген.

1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауға қосқан үлесі үшін:

- 1997ж., 2004ж., 2005ж., 2007ж., 2011ж., 2013ж., 2017ж. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алғыстары мен Құрмет грамоталарымен;

- 2015 жылы Ресей Федерациясы Бас Прокурорының грамотасымен;

- 2014 жылы І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрметті қызметкері, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісі табыс етілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен мемлекеттік наградалармен – 2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2011 жылы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және 2017 жылы І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған, осы орденнің толық кавалері болып табылады. 

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «20 лет КСГП СНГ», «25 лет КСГП СНГ» «За вклад в развитие органов юстиции», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Құрметті заңгер», «Астана 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Борышын үлгілі атқарғаны үшін Ішкі істер министрінің, Қорғаныс министрінің, Төтенше жағдайлар министрінің, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының, ҰҚК Төрағасының ведомстволық медальдарымен бірнеше рет марапатталған.

Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

Карьера

Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.

1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.

2001 - 2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын;

2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.

2019-2022 жылдары Бас Прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды. 

Социальные медиа

facebook
youtube
telegram

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты