Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін 39 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Осы санаттағы өндірістер бойынша Сырым аудандық соты ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа берілген сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.
Бұған дейін сотталушы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған, ол бойынша 15 тәулікке қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге, яғни 11.04.2030 жылға дейін, көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алайда түзету жолына түспей, өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.
Сот мемлекеттік айып тарабының жаза түрі бойынша пікірін ескеріп, сот үкімімен сотталушы көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
Біз Сізге қылмыстың бұл түрі үшін өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын хабарлаймыз.
Осылайша жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқармауға шақырамыз!