БҚО-да прокурорлар қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссиялар фактілерін анықтады

БҚО-да прокурорлар қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссиялар фактілерін анықтады
БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» АҚ (бұдан әрі -
Компания) қызметінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың
нормативтен тыс шығарындылары мен төгінділерінің жалпы
көлемі 264 тонна фактілерін анықтады.
Осыған байланысты қадағалау актісі бойынша Компания
ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке
тартылды (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету
нормативтерін бұзу), жалпы сомасы 739 568 808 теңгеге
айыппұлдар толығымен өндірілді.