Сырым ауданының прокуратурасымен тегін медициналық көмек саласында бұзушылықтар анықталды

Сырым ауданының прокуратурасымен тегін медициналық көмек саласында бұзушылықтар анықталды
Сырым ауданының прокуратурасы тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету
бойынша заңдылықтың сақталуына аудандық аурухананың қызметін
тексерді.
Конституцияның 29-бабына сәйкес республика азаматтары заңда
белгіленген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін тегін алуға
құқылы.
Алайда, жүргізілген тексеру барысында дәрілік заттардың қажетті
мөлшерін есептеу алгоритмінің болмауы, препараттарды жүйесіз жазу,
мерзімі өткен бұйымдардың болуы, сондай-ақ адамдарды қажетті дәрі-
дәрмектермен қамтамасыз етпеу деректері анықталды.
Мәселен, 20.08.2021 ж. NoҚР ДСМ-89 ведомстволық бұйрығының
талаптарын бұза отырып, ауруханамен ауданда есепте тұрмайтын 101
пациент негізсіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, рецепттер үш айдан астам мерзімге жазылған, бұл
денсаулық сақтау Министрлігі белгілеген рецепттерді жазу, есепке алу
және сақтау Ережесін бұзу болып табылады.
Мысалы, «К» пациентіне «Метапреднилон» препараты 360 күнге,
яғни бір жылға тағайындалды.
Дәрілік заттардың қажетті мөлшерін есептеу бойынша нақты
алгоритмнің болмауына және пациенттердің нақты қажеттіліктерін
назарға алмауына байланысты, 2024 жылы 1 800 дана мөлшерінде
«Кетотифен» дәрілік препаратының қалдықтары анықталды.
2024 жылы аурухана «ревматоидты артрит» және «ойық жаралы
колит» диагнозымен есепте тұрған 37 науқасқа тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қамтамасыз етілуі тиіс
«Голимумаб» препаратына өтінім бермеген.
Бұдан басқа, тексеру жүргізу барысында стоматологиялық
кабинетте жарамдылық мерзімі өткен медициналық бұйым, ал
операциялық кабинетте сәйкестік сертификаты жоқ бұйым табылды.
Аудан прокуратурасымен аталған бұзушылықтарға жол бергені
үшін аурухананың 4 лауазымды тұлғалары, оның ішінде басшысы да 600
мың теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке, сонымен қатар
тағы 4 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы Сырым
ауданы прокуратурасының бақылауында.