Прокуратура субсидияларды теріс пайдалану фактілерін анықтады

Прокуратура субсидияларды теріс пайдалану фактілерін анықтады
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының
прокуратурасы субсидия беру кезінде заңдылықтың
сақталуын талдау нәтижелері бойынша 7 миллионға жуық
теңге көлемінде бюджет қаражатын теріс пайдалану
фактілерін анықтады.
Талдау барысында 2021-2024 жылдары 7 182 505
теңгеге субсидияланған 389 бас малдың сақталу мерзімі
қамтамасыз етілмей, ауылшаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру жөніндегі дерекқорынан есептен шығарылғаны
анықталды.
Мысалы, ауыл шаруашылық қожалық 07.10.2021 жылы
50 асыл тұқымды ірі қараға 500 000 теңге көлемінде субсидия
алып, оларды бір жылдың ішінде дерекқорда есептен
шығарған.
Ал 15.03.2019ж. Ауыл шаруашылығы министрінің
Бұйрығымен бекітілген асыл тұқымдымал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім
сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Ережеге сәйкес мал басының жыл бойы сақталуы (мал
шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз
етілуі міндеттелген.
Осының салдарынан мемлекетке 7 млн теңгеге жуық
материалдық шығын келтірілді.
Заңды бұзу фактілері бойынша құзыретті органға тиісті
қадағалау актісі енгізілді.