Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы прокуратурасы талдау жүргізіп, 2 180 әлеуметтік сала қызметкерінің, оның ішінде мұғалімдердің, дәрігерлердің және басқа да мамандардың еңбек құқықтарын қорғау үшін шаралар қабылдады.
Ұжымдық келісім-шарттарды талдау барысында әлеуметтік демалыс және басқа да әлеуметтік кепілдіктер беру шарттары тиісті түрде ескерілмегені анықталды, бұл еңбек заңнамасын бұзу болып табылады. Аталған заңды бұзушылығы жұмысшылардың демалу құқығына шектеу қойып, еңбек жағдайларының нашарлау қаупін тудырды.
Прокуратура қадағалау актісін тиісті мекемелердің басшыларына жолдау арқылы жедел әрекет етті.
Прокуратураның араласуы нәтижесінде ұжымдық шарттардың талаптары заң талаптарына сәйкес келтірілді, ал қызметкерлерге барлық тиісті әлеуметтік демалыстар мен жеңілдіктер қамтамасыз етілді.
Қабылдаған шаралар қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және одан әрі бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Прокуратура еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жалғастырады және қызметкерлердің құқықтарына нұқсан келтірудің кез келген жаңа жағдайларына жедел ден қоюға дайын.