2025 жылғы 15 қаңтарда Орал қаласының әкімдігі жалпы сомасы 5,357 млрд теңгеге қаланың көше-жол желісін ұстауға және санитарлық тазалауға 2 ашық конкурс жариялады.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі туралы негізсіз талап қойылып, мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылуына және бәсекелестікті шектеуге жол берілген.
Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды.
Атап өту қажет, 2024 жылы қаланы күтіп ұстау бойынша осындай жұмыстар облыс прокуратурасымен талданған болатын.
Монополиялық жағдай жасай отырып, бір өнім беруші 6 млрд теңгеден астам қаражатты игергені анықталды.
Прокуратураның талабы бойынша БҚО Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен жүргізілген тергеу барысында Орал қаласының ТҮКШ бөлімі тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері расталды.
Қорытындысы бойынша орган тиісті шаралар қабылдады (заңнама бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым енгізілді және ТҮКШ бөлімінің басшысына 150 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салынды).
Облыс прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде мемлекеттік сатып алу және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды жалғастыруда.