БҚО-ң мемлекеттік айыптаушысы «Chia Tai Pharmaceutical» қаржылық пирамидасы ұйымдастырушының кінәсін дәлелдеді

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуір айына дейін БатысҚазақстан облысы Шыңғырлау ауданының тұрғыны «Chia Tai Pharmaceutical»қаржы пирамидасына қосылып, оның құрылымдық бөлімшесінде жетекшіорынға ие болды.Фармацевтикалық зауытқа заңды инвестиция саламыз деген жалғанатаумен ол фармацевтикалық кәсіпорын қызметінен жоғары кіріс алуға уәдеберіп, салымшылардан заңсыз қаражат тартқан.Оның қылмыстық әрекетінің нәтижесінде 185 жәбірленушіге жалпысомасы 180 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.Бөрлі аудандық прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысыныңпринципті ұстанымын ескере отырып, сотталушының қаржылық пирамиданықұру және басқару, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа дамүлікті заңдастыру бойынша кінәсі толық дәлелденді.Сот мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісе отырып,сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-баптың 2-бөлігі 2-тармағы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару), 218-баптың 2-бөлігі 3-тармағында (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) көзделген қылмыстарды жасағаны үшінкінәлі деп тауып, қылмыстық құқық бұзушылықтың жиынтығымен 5 жылмерзімге қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және қаржыұйымының қатысушысы болу құқығынан айыра отырып 5 жылға басбостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.180 миллион теңгеден астам келтірілген шығын жәбірленушілердіңпайдасына толығымен өндірілді.Сот үкімі заңды күшіне енді.