БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

03.10.2024ж. «PROTENGE» және «Уральская неделя» ақпараттық-жаңалық арналарында «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Т.Еслямованың мақалалары жарияланды, онда оны және «Журналистская инициатива» ЖШС кәсіби журналистік қызметті (азаматтармен қарапайым сұхбат) жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112 және 129-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы айтылған.

Алайда бұл ақпарат келесі негіздер бойынша шындыққа сәйкес келмейді.

2024 жылдың 30 қыркүйегінде «Уральская неделя» ақпараттық-жаңалық арнасында және оның ресми аккаунттарында, «Telegram» және «Youtube» ресурстарында  «Орал қаласының тұрғындары АЭС құрылысына қалай қарайды» тақырыбында (олар референдум туралы біледі ме? олар дауыс бере ме? атом электр станциясының құрылысын қолдай ма әлде қарсы ма және т.б.) референдум мәселесі бойынша азаматтар арасында сауал салу жүргізілді.

Осылайша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағының талаптары бұзылды.

Атап айтқанда, осы құқықтық нормаларға сәйкес мұндай сауал салуларды заңға сәйкес тіркелген және қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуде кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар жүргізуге құқылы.

Бұдан бөлек аталған ЖШС бұл туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, Орталық референдум комиссиясына алдын ала жазбаша хабарламаған.

2024 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібі және қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.

Осыған байланысты «Журналистская инициатива» ЖШС-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша (Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу) әкімшілік іс қозғалып Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына қарауға жіберілді.

03.10.2024 ж. сот шешімімен «Журналистская инициатива» ЖШС аталған бап бойынша 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Т.Еслямованың өзін және ЖШС-ны ҚР ӘҚБтК-нің  112-бабы бойынша (Бұқаралық ақпарат құралдары және онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің  129-бабы бойынша (Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы)  негізсіз әкімішілік жауапкершілікке тарту туралы барлық уәждері шындыққа сәйкес келмейді.

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы