телефон немесе басқа жолмен хабарласыңыз.
Жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына, ескертулерге қарамастан
алаяқтардан зардап шеккендердің саны артып келеді, жыл басынан
бастап бүгінге дейін 23 алаяқ сотталған.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық сотымен дроппер
болып жұмыс істеген, яғни алаяқтық жолымен алынған қаражатты қолма-
қол ақшаға айналдырған “Е” азаматына қатысты үкім жарияланды.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамай, қаражаттың заңсыз
шығу тегін білмеу арқылы өз әрекетін ақтамақ болған.
Алайда мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымы және ол сотқа
ұсынған сотталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас дәлелдер
айыптау үкімін шығаруға ықпал етті.
Нәтижесінде сот Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 190-бабы 3-
бөлігінің 1,4-тармақтарымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі
деп тауып, оған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 4
жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қала прокуратурасы азаматтарға сақ болуды қатаң түрде ұсынады.
Алаяқтардың құрбаны болсаңыз немесе күдікті әрекеттерге тап
болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Сіздің мұқият назарыңыз бен сақтығыңыз — қаражатыңыз бен жеке
деректеріңіздің қауіпсіздігінің кілті болып табылады