Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 17 маусымдағы үкімімен 3 жыл бойы 800 мың теңге мөлшерінде алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін "А" азаматы 1 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығын шектей отырып, ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасы "Алимент өндіріп алудың 10 қадамы" жобасын іске асыру аясында Әділет департаментімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, алимент бойынша 14 борышкерді анықтады, олар букмекерлік кеңселерде жалпы сомасы 30 млн теңгеден астам ставкалар жасады.
Нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті ұсыныстар жіберілді.
Сондай-ақ, алимент төлемегені үшін 62 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.