
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша жол жөндеуге заңсыз алынған топырақты анықтады.
Қалдығайты және Қарақамыс ауылдарының ішкі жолдарын күрделі жөндеу жұмысы барысында мердігер ауыл маңынан 8200 тонна топырақты уәкілетті органның рұқсатынсыз заңсыз қазып алған.
Келтірілген шығын көлемі 2 миллион 900 мың теңгеден асты.
Прокуратураның қадағалау актілері бойынша жосықсыз мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, келтірілген залал толық көлемде өндірілді.