БҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға құқықтық көмек көрсету бойынша мобильді қабылдау 

БҚО-дағы су тасқынынан зардап  шеккен азаматтарға  құқықтық көмек көрсету бойынша мобильді қабылдау 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін 4 көшпелі мобильді қабылдау құрды.

Қазіргі уақытта 24 бау-бақша серіктестігіне және Круглоозерное ауылына барумен 94 азамат қабылданды.

Тұрғындар эвакуациялау, әлеуметтік төлемдер көрсету, судың келуі, залалдың орнын толтыру, несиені кейінге қалдыру және жер учаскесін ресімдеу мәселелері бойынша жүгінді.

Қабылдау барысында тұрғындарға төлемдер тәртібі және эвакуациялық пункттердің орналасқан жері түсіндірілді.

«Егов» мобильді қосымшасы арқылы залалды өтеуге өтінім беруге көмек көрсетілді.

«Кабачок» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары су басқан үйлерден мүлікті құтқару үшін жүгінді.

ТЖД-нің қызметкерлерімен түсіндіру жүргізіліп, нұсқама бергеннен кейін мәселе шешілді.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп 2 эвакопунктте болып, төлемдер мен көмек алу тәртібін түсіндірді (Жәңгірхан университетінің жатақханасы және Педагогикалық колледж).

Саяжай алаптарының тұрғындарымен түсіндіру жүргізу арқылы Абай облысынан гуманитарлық көмек келу кезінде 1 келіспеушілік реттелді.

Мобильді қабылдау бөлмесі азаматтарға құқықтық көмекке жүгінуге және қолдау шаралары, мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Біз зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз және қолдауды қажет ететіндердің барлығын мобильді қабылдау бөлмесіне жүгінуге шақырамыз.

Азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін мына мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады: 1,2,3 саяжай, ш/а. Ет комбинаты, Телецентр және Коминтерн.