
2024 жылы 13-сәуірде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында ҚазКСР-нің Бас Прокуроры Г.Б.Елемесовтың 95 жылдығына арналған шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Қалалық және облыстық прокуратураның 10 қызметкері осы зияткерлік спорт түрінен өздерін сынап көрді. Турнирге қатысушылар күні бойы ерекше шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, мықтылығын дәлелдеді.
Турнирдің барлық қатысушылары бұл тапсырманы абыроймен орындады, бірақ жеңіс мықтыларды жақсы көреді.
Нәтижелері төмендегідей болды: 1 орын – Е.Қамбетов, 2 орын – Н.Ситқалиев, 3 орын – А.Қабдрахимов.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаз прокуратура қызметкерлері арасындағы республикалық турнирде облысымыздың намысын қорғайды.