Ақжайық ауданы прокуратурасымен оқушылардың конституциялық құқықтары қорғалды

Ақжайық ауданы прокуратурасымен оқушылардың конституциялық құқықтары қорғалды

Ағымдағы жылы аудан прокуратурасымен Ақжайық ауданының мектептеріне тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында оқушылардың құқықтары өрескел бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде баланың білімді тиісінше қабылдауы және оқу жүктемесі денсулыққа теріс әсерін тигізбеу үшін оқу кестесінде 30 минутты үлкен үзіліс немесе әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс көзделуі қажет.

Сонымен қатар, екі аусымның арасында бөлмелерді ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделген.

Бұл талаптар балалардың денсаулығын сақтау үшін орындалуға міндетті.

Алайда, мектеп директорларымен оқушыларға арналған оқу кестесі санитарлық қағидаларды бұза отырып, оқушылардың денсаулық мәселесі еленбей жасақталған.

Аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісі негізінде 6414 оқушының конституциялық құқықтары қорғалып оқу кестелері сәйкестікке келтірілді және заң бұзушылықтарға жол берген 40 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.