Алимент өндіру бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Алимент өндіру бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

2024 жылғы 18 наурызда облыс прокуроры С.Р.Шалабаевтың төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтіп, онда алимент өндіру бойынша сот актілерінің орындалуын талдау нәтижелері талқыланды.

Жиынға облыстық полиция басқармасының бастығы, Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының облыстық палатасының басшылары, облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Төрағалық етуші облыстағы алимент бойынша жалпы қарыз 1703 атқарушылық құжат бойынша 2 млрд теңгені құрайтынын атап өтті.

Алимент бойынша берешекті азайту үшін облыс прокуратурасының бастамасымен барлық мүдделі органдармен бірлесіп, алимент бойынша «10 қадам жобасы» жүзеге асырылуда.

Оны жүзеге асыру кезеңінде 74,9 млн.теңге алимент бойынша берешек өтелді.

Бос орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылып, 65 борышкер жұмысқа орналастырылды, 37 борышкер жұмыспен қамту органдарында тіркелді.

Жалпы сомасы 3,8 млн теңгені құрайтын алимент бойынша борышкерлерге тиесілі 3 көлік белгіленіп, қамауға алынды, нәтижесінде борышкерлердің бірі алимент бойынша берешегін өтеген.

34 борышкер алимент төлеу бойынша сот шешімдерін қасақана орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, алимент төлеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін қаскөй борышкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 8 қылмыстық іс тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дегенмен, полиция мен жеке сот орындаушыларының тиімсіз жұмысы да атап өтілді, соның ішінде тиісті өзара әрекеттестіктің болмауы аталды.

Ведомствоаралық отырыстың қорытындысы бойынша оның оң нәтижелерін ескере отырып, «10 алимент қадамдары» жобасын іске асыру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды.