Алаяқтық туралы профилактилық жұмыс.

Алаяқтық туралы профилактилық жұмыс.

Бүгінгі таңда өңірде алаяқтықтың 12%-ға (1911-ден 168-ге дейін), оның ішінде интернет-алаяқтықтың 13,6% - ға (103-тен 89-ға дейін) төмендеуі байқалады.

Оң динамикаға қарамастан, прокурорлар осы қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда, оның ішінде зейнеткерлік жастағы азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, өйткені адамдардың бұл санаты неғұрлым осал.

13.03.2024 ж. облыс прокуратурасы полициямен бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Егде жастағы азаматтарды ақпараттандыру мақсатында прокурорлар Орал қаласының медициналық мекемелерге барды. 

Азаматтарға алаяқтықтың жаңа тәсілдері мен әдістері жеткізілді, жадынамалар мен буклеттер таратылды.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін ешбір жағдайда дербес деректермен бөліспеу, бөгде адамдардың нұсқауы бойынша қаржылық және басқа да операцияларды орындамау, телефонмен әңгімені үзу, сондай-ақ мобильді қосымшаларды орнатпау және келіп түскен SMS-хабарламаның сілтемесі бойынша өтпеу.

Жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстары оң бағаланып, Орал қаласының тұрғындары тарапынан оң пікірлер табылды.