
2023 жылы инвестор - «West Group» ЖШС «Орал-Саратов» тас жолынан, керамикалық кірпіш өндіретін өз зауытына (жобаның құны 1,5 млрд.теңге) кірме жолдың болмауы мәселесіне тап болған.
Жергілікті атқарушы орган тарапынан зауытқа (құрылыс кезеңіне) орман қоры жерлері арқылы өтуге уақытша рұқсат берілген және балама жол жүру (орман қоры жерлерінің жанынан) ұсынылған.
Алайда, инвестор үшін бұл ұсыныс жолдың жамылғысына (жолсыз) байланысты тиімсіз болған, өйткені аталған жолда тиелген ірі көлікті пайдалану мүмкін емес.
Фронт-офис алаңында облыс прокуратурасының үйлестіруімен карьер арқылы өтуге (зауытқа іргелес) қол жеткізу тәртібі әзірленді және 2023 жылғы 13 желтоқсанда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті ұзақ мерзімді өтуге (8 жыл) рұқсатты мақұлдады.
Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.
Егер Сіз инвестор болсаңыз және Сізде жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, прокуратура қызметкерімен байланысып, прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы (байланыс нөмірі +77715388538) немесе Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Фронт-офисіне (Ж.Молдағалиев көшесі №23) арқылы құқықтық кеңес ала аласыз.