Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде су тарифі төмендетілді

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының қадағалау  актісі негізінде су тарифі төмендетілді

          Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасымен ауылдық округ тұрғындарымен кездесу кезінде кейбір ауылдарда ауыз су тарифі субсидияланбайтындығы анықталды.

         Жаңадан салынған су жүйелері 2019-2020 жылдары мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтіп, пайдалануға берілгеніне қарамастан, қажетті техникалық құжаттар уақтылы ресімделмеуіне байланысты объекті теңгерімге алынбай, субсидия алуға құжаттар тапсырылмаған.

         Аталған мәселе бойынша аудан әкімдігіне прокурорлық акті енгізіліп, нәтижесінде 3 жыл ішінде ресімделмеген құжаттар сәйкесіне келтірілді.

2023 жылдан бастап Трекин елді мекеніндегі текше метр үшін ауыз су бағасы 90 теңгеге дейін төмендетілді.

         Осылайша 600-ден аса абоненттің құқықтары қорғалды.