Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 5 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 10 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 5 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 10 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2016 жылдың 10 қазанында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.

Заңға сәйкес заңда белгіленген талаптарды бұза отырып, тұрғын үй салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Заң талаптарын бұза отырып жасалған құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөніндегі мәміле жарамсыз деп танылады.

Кепілдік алу тәсілімен үлестік құрылысқа қатысу үшін бірыңғай оператормен («Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ) шарт жасасу қажет.

Мұндай жағдайларда «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландырады және үлескерге өз пәтерін алуға кепілдік беріледі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласының прокуратурасы жеке құрылыс салушылардың қызметін талдау барысында бірыңғай оператормен шарт жасаспай үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан 24 құрылыс салушыны анықтады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 5 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 10 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (қалғандары қаралу сатысында), олардың ішінде: «Строй Техно Групп» ЖШС, «СВС Батыс» ЖШС, «АТМ Group Kazakhstan» ЖШС, «Бизнес План» ЖШС, «Сапар Строй Азия» ЖШС, «КМТ-Сити Строй» ЖШС, «Alim Construction LTD» ЖШС, «АТЖ2» ЖШС.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.