Қаратөбе ауданының прокуратурасы «Қаратөбе ауданының коммуналдық кәсіпорыны» ШЖҚ-дағы МКК қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын талдау нәтижесінде аталған кәсіпорынның 33 жұмысшысы бірнеше ай еңбекақы алмағанын анықтады.
Оған мемлекеттен алатын субсидияның есебін уақтылы тапсырмау себеп болған. Прокуратураның араласуынан кейін 4 млн.теңгеден астам еңбекақы берешегі жойылды.
Прокурорлар оған қоса кәсіпорын директорын әкімшілік жауаптылыққа тартуға қол жеткізді.
Прокуратураның ұсынысымен және үйлестіруімен кәсіпорынның кірісін өсіру мақсатында оның жарғысына өзгерістер енгізіліп, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейтілді.