
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруда.
Осы жұмыс шеңберінде минералды, емдік-асханалық бөтелкедегі су мен алкогольсіз сусындар өндірісін жүзеге асыратын «Batysminiralsu» ЖШС (жобаның құны 2 млрд.теңге, 30 жұмыс орнын құрумен) жарты жыл бойы өндірістік қуаттарды кеңейту үшін қосымша жер учаскесін ала алмағаны анықталды.
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының араласуынан кейін инвесторға ауданы 1,9 га жер учаскесі берілді.
Бизнесті тиісінше қорғау мақсатында барлық прокуратураларда инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтар мен CALL-орталықтар жұмыс істейді.
Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) проблемалар туындаған жағдайда бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгіне алады.