Азаптау және тергеудің заңсыз әдістерін алдын алу

Азаптау және тергеудің заңсыз әдістерін алдын алу

     БҚО полиция Департаментінің ғимаратында Облыс прокуроры С.Р.Шалабаевтың төрағалығымен азаптау және тергеудің заңсыз әдістерін алдын алу бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді.

     Жиынға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің БҚО бойынша өкілі, полиция және қылмыстық атқару жүйесі Департаменттерінің жеке құрамы қатысты.

     Облыс прокуроры С.Р. Шалабаев өз сөзінде азаптаулар мен тергеудің заңсыз әдістерін жоюдың маңыздылығын және бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында екендігін атап өтті.

     Осы бағытта мемлекет деңгейінде прогресивті шаралар қабылданып, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің рөлі күшейтілді, Президенттің тапсырмасы бойынша а.ж. қаңтар айынан бастап азаптаулар істерін арнайы прокурорлар тергеуде.

     2022 жылы азаптау деректерімен 36 қылмыстық іс тіркеліп, қылмыстық атқару жүйесінің 4 қызметкеріне қатысты 1 қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімімен олар түрлі жазаларға тартылды.

     Ағымдағы жылы аталған санаттағы 5 қылмыстық іс тіркеліп, олар бірден арнайы прокурорлардың іс жүргізуіне алынды.

     Сонымен қатар, азаптаулардың алдын алудың тағы бір әдісі қылмыстық қудалау және түзеу мекемелерінде толық  бейнебақылауды орнату.

     Қазіргі уақытта облысымыздың қылмыстық атқару жүйелері 100% үзілмейтін бейнебақылаумен қамтылды.

     Жиынның қорытындысымен нақты тапсырмалар беріліп, аталған мәселе облыс прокуратурасының бақылауында болады.