Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында су тасқыны кезеңінде облыс халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе қаралды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында су тасқыны кезеңінде облыс халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселені қарады.

Отырыс барысында су тасқынына қарсы іс-қимыл кезінде туындайтын негізгі проблемалар талқыланды, су тасқыны қаупін болдырмау үшін қажетті шаралар белгіленген су тасқыны қаупі бар учаскелер анықталды.

Сондай-ақ, дағдарыстық жағдайлар туындаған жағдайда техниканың, жабдықтың, жеке құрамның және халықты эвакуациялау орнының дайындығы мәселелері қаралды.

Облыс прокуроры Серік Шалабаев және облыс әкімі Нариман Төреғалиев өткізген отырыстың нәтижелері бойынша

барлық жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары үшін адам шығыны мен азаматтардың мүлкіне нұқсан келтірмеуге бағытталған міндеттерді айқындады.

Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені әзірленді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы