Заңсыз конкурстардың күші жойылды

Заңсыз конкурстардың күші жойылды

     Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мониторинг барысында Бөрлі ауданының әкімдігімен әртүрлі жұмыс түрлерін бөлек лоттарға бөлмеу бөлігінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларының бұзылуын анықтады.

     Атап айтқанда тапсырыс берушімен Ақсай қаласындағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы хабарлама жариалаған кезде автомобиль жолдарын «күтіп ұстау» мен «ағымдағы жөндеу» біртекті емес жұмыс түрлері негізсіз бір лотқа қосылған.

     Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 1 млрд. 665 млн. теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы 2 конкурстың күші жойылды.

 

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы