"Қауіпсіз қала"

"Қауіпсіз қала"

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Қауіпсіз қала" жобасы аясында Орал қаласында орналасқан барлық мектептер мен колледждерде кәмелетке толмағандармен профилактикалық іс-шаралар өткізу бойынша жұмысты бастады.

Студенттер мен оқушылар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін белгіленген жауапкершілік түрлері, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.

Интернет-алаяқтық жасау тәсілдері оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, оқушыларға жолдарда қырағылық, қоғамдық көлікте жүргенде өз мүлкінің сақталуы, электронды темекінің зияны туралы ескертілді.

Іс-шараның соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, прокурорлардан жауаптарын алды.