Ардагердің ғасырлық мерейтойы

Ардагердің ғасырлық мерейтойы

Ұлы Отан соғысының ардагері, аңызға айналған Жеңіс шеруінің жалғыз қатысушысы, прокуратура органдарының құрметті қызметкері, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы И.С. Гапич 2 ақпанда 100 жасқа толады.

Осы айтулы күнге орай ардагердің батырлығын, ерлігін мысалға келтіре отырып, өскелең ұрпаққа патриотизм сезімін ояту мақсатында бүгін Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музеймен бірлесіп «Жеңіс шеруіне қатысқан жауынгер» тақырыбында көрме ашты.

Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық тарихи–өлкетану мұражайының директоры М.Б. Ерсаев, Орал қаласы қорғаныс істері басқармасының қызметкерлері, жоғары аграрлық-техникалық колледж студенттері қатысты.

9 мен 30 аралығында 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер, облыстық өлкетану және М. Мәметова мұражайындағы фото-галереяға (И.С. Гапич бұрышы) бару өткізіледі. 9-28 қаңтар аралығында БҚО-ның барлық мектептерінде прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен «И.С. Гапичтің өмір жолы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу жоспарланып отыр. 9-28 қаңтар аралығында БҚО-ның барлық мектеп оқушылары арасында Үздік Эссе байқауы өтеді. И.С. Гапичтің 100 жылдығына арналған деректі фильм де дайындалуда.

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы