Орал қ. прокуратурасының қызметкері шағын футболдан өткізілген турнирде үздік атанды

Орал қ. прокуратурасының қызметкері шағын футболдан өткізілген турнирде үздік атанды

2019 жылғы 9 тамызда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті.

   «Қоныс» спорт сарайында батыс өңірінің прокуратураларының құрама командалары 23-24 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық турнирге қатысу құқығын жеңіп алу үшін бақ сынасты.

   Нәтижесінде Маңғыстау облысының прокуратурасының құрамасы 1:0 есебімен Ақтөбе облысының командасын ұтып, жеңімпаз атанды.

   Дауыс беру нәтижесінде Аслан Досымбаев (Атырау) - «Үздік шабуылшы», Асылбек Иманғалиев (БҚО) - «Үздік қорғаушы» және Ержан Байгулов (Маңғыстау) - «Үздік қақпашы» болып танылды.

   Айтып өткен жөн, 2012 және 2016 жылдары БҚО прокуратурасының құрамасы шағын футболдан ведомстволық турнирді екі рет жеңіп алған болатын.