БҚО прокуратурасы өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес субъектілерімен, адвокаттық және заң қоғамдастығымен кездесу өткізді

БҚО прокуратурасы өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес субъектілерімен, адвокаттық және заң қоғамдастығымен кездесу өткізді

      Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, БҚО бойынша ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің басқармасымен бірлесіп, бизнес-қоғамдастыққа "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының жаңа ережелері аясында бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

      Кәсіпкерлерден осы кезеңде бизнесті қорғаудың экожүйесін қалыптастыру мәселесі бойынша заңдылықтың жай-күйін өлшеуді одан әрі жүзеге асыру үшін кері байланыс алынды.

      Кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органдар Бизнестің назарына мемлекеттік қолдау шаралары туралы жеткізді.

      Баяндамашылар айтқан ақпаратта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың нақты мысалдары, жүйелі проблемалар мен жиі кездесетін мәселелер, оның ішінде қылмыстық қудалау туралы да айтылды.

      Әрбір мәселе бойынша кәсіпкерлерге егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер қабылданды.

      Жалпы, сындарлы диалог өтіп, қойылған сұрақтардың тақырыбы бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыста органдар жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.