Батыс Қазақстан облысының прокуроры С.Р. Шалабаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

Батыс Қазақстан облысының прокуроры  С.Р. Шалабаевтың  «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

 

Құрметті сайлаушылар!

 

20 қараша біз кезектен тыс ел Президентінің сайлауына барамыз.  

Сайлау құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының ел және кейінгі ұрпақтарының тағдыры үшін жеке жауапкершілігінің көрінісі. 

Сайлаушы, дауысын тізімге енгізілген нақты сайлау учаскесінде береді.

Өзіңізді тізімге тіркеу туралы ақпаратты жергілікті атқарушы орган болмаса орталық сайлау комиссиясында анықтауға болады.

Сайлау учаскесінде дауыс беру барысында өзіңізбен бірге жеке басты анықтайтын құжат болу міндетті.

Сонымен қатар, сайлау процесін реттейтін заңнамаға тоқталғым келеді.

Ағымдағы жылдың 19 қарашасына дейін сайлау науқаны жалғасуда.

19 қараша - үнсіздік күні. Осы және дауыс беру күндері үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуге және кандидаттарды қолдауға арналған кез келген іс-шараларға тыйым салынады.

Жалпы, сайлау науқаны кезіндегі заң бұзушылықтар үшін  әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Олар: заңды үгіт жүргізуге кедергі келтіру, материалдарды жою немесе зақымдау, анонимді үгіт материалдарын жасау немесе тарату, үнсіздік және сайлау күндері үгіт жүргізу.

Сайлау заңнамасын бұзылу фактілері орын алған жағдайда прокурормен хаттама толтырылады.

Кейін материал сотпен, міндетті түрде прокурордың қатысуымен қаралады.

Құрметті азаматтар!

Кейбір тұлғалар аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында митинг немесе пикет өткізуге жергілікті атқарушы органымен заңға сәйкес бас тартқанына қарамастан, қолданыстағы заңды бұзуға әрекет етуде.

Бұл әрекеттер заң талаптарына тікелей қайшы келеді, сол себепті құқық қорғау органдарымен тиісті шара қолданады.

Сонымен қатар, сайлау нәтижелеріне ықпал ету мақсатында кандидаттар туралы жалған ақпарат таратуға және олардың ар-намысына, қадір қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге мүлдем жол берілмеуі тиіс.

Құрметті жерлестер!

Барлығымыз елімізде маңызды, мағыналы әрі жауапты кезеңді өткізу барысында, заңдылықты қамтамасыз етуге ат салысатынымызға сенімдімін.