Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Мемлекеттік айыптауды қолдау ерекшеліктері және сот тергеуі барысында анықталатын кемшіліктер" тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Мемлекеттік айыптауды қолдау ерекшеліктері және сот тергеуі барысында анықталатын кемшіліктер" тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Елде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформа жағдайында мемлекеттік айыптауды қолдау прокуратура қызметінің жетекші бағыттарының біріне айналды. Сотты айыптау функциясынан босата отырып, реформа соттардың қылмыстық істерді қарауына қатысатын прокурордың іс жүргізу жағдайы мен міндеттерін айтарлықтай өзгертеді.

Жарыспалылық қағидатын одан әрі дамыту прокурордың, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының процестік құжаттарды жинау және дұрыс ресімдеу жөніндегі жауапкершілігін айтарлықтай арттырады.

Бүгін Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ғимаратында облыс прокурорының орынбасары Н.Е. Ермановтың төрағалығымен "Мемлекеттік айыптауды қолдау ерекшеліктері және сот тергеуі барысында анықталатын кемшіліктер" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталған семинар мемлекеттік айыптауды қолдау сапасын жақсарту және сотқа жіберілетін қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу деңгейін арттыру мақсатында 5 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар полиция департаментінің тергеушілері және мемлекеттік айыптаушылар ретінде соттарға қатысатын прокуратура қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Семинарда Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Аманбайұлы Ермаханов, ҚР Бас прокуратурасы Құқық қорғау органдары Академиясының "прокурорлық қадағалау" кафедрасының доценті Динара Хамитқызы Найманова баяндама жасады.

Семинарда мемлекеттік айыптауды қолдау сапасы және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.