Мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық кеңес отырысы туралы

Мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен  ведомствоаралық кеңес отырысы туралы

 

Орал қаласының аумағында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік және құқық қорғау органдармен  ведомствоаралық кеңес отырысы өткізілді.   

        Ағымдағы жылдың 8 айында қаламызда 3 172 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 6%-ға өсті (2981).     

        Оның ішінде аса ауыр қылмыстардың 3%-ға (31-ден 32-ге дейін), ауырлығы орташа 14%-ға (с 1 364 до 1 581) және онша ауыр емес қылмыстардың саны 11%-ға өсті (с 332 до 374).

        Ауыр қылмыстар 4%-ға төмендеді (758-ден 729-ға дейін).

        Сараланған мерзімде қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамдық орындарда 6%-ға (1 006-дан 1 073-ке дейін), көшелерде 11%-ға көп жасалды (433-ден 487-ге дейін).

        Сонымен қатар, ағымдағы жылы алкогольдік масаю күйінде жасалған қылмыстардың саны 1,5 есеге көп тіркелді (80-140-қа дейін).       Орын алған қылмыстардың 90%-ы орта және арнайы орта білімі бар (1 134-ден 890), 80%-ы жұмыссыздармен (1 134-ден 890), 70%-ы 21-39 жас аралығындағы тұлғалармен жасалған.

        Осыған байланысты, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған профилактикалық жұмысына және қылмыстық құқық бұзушылықтардың ведомстволық бақылаудың жай-күйін алдын алу кеңес отырысында талқыланды.

  Іс-шараға қала прокуроры және прокуратура қызметкерлері, Орал қ. ПБ-ның бастығы, Абай Пб-нің бастығы,  қала әкімі және оның орынбасары, білім бөлімінің басшысы және Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының қорғау бөлімінің басшылығы, Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы жинақтау талдау бөлімінің басшысы қатысты.

Құқық қорғау және уәкілетті органдарға осы саладағы жұмысты жеделдету және қылмыстардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар берілді.