Пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығының дамуына назар аударды.

Пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерге қатысты нақты шешімдер қабылдау бойынша міндет қойылды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында прокуратура органдары пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдауға бағдарланған.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығындағы жер учаскелерін мақсатты пайдалану мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайды.

Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жолымен жүргізіледі.

Ағымдағы жылы Қаратөбе ауданының прокуратурасы талдау нәтижесінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған 28 мың гектардан астам жайылымды анықтады.

Нәтижесінде прокуратура актілері бойынша жалпы кадастрлық құны 70 млн. теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Жергілікті атқарушы органдар халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, сондай-ақ қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға бағдарланған.