Балалар алаңдарындағы бұзушылықтар туралы

Балалар алаңдарындағы бұзушылықтар туралы

Әлеуметтік желілерде балалар алаңдарында балалардың қол жарақатын алуының қайғылы жағдайлары талқылануда.

Орал қаласының прокуратурасы бұл фактілерге дереу ден қойды. Атап айтқанда, уәкілетті органдармен бірлесіп барлық аулалық спорт құрылыстары тексерілді.

Балалар алаңы пайдалануға берілмегені анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыну енгізілді.

Бүгінгі күні жарақат алу қаупі бар жаттығу құрылғылары бөлшектелген, аталған балалар алаңдарындағы барлық бұзушылықтар жойылған.

Балалардың жарақат алу фактілері бойынша полиция басқармасы ҚК-тің 306-бабының 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) сотқа дейінгі тергеу басталып, Орал қаласы прокурорының жеке бақылауына алынған.