Азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

БҚО прокуратурасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/1 мекемесінің 4 қызметкеріне қатысты аяқталған қылмыстық істі зерттеді.

Пенитенциарлық мекеменің қызметкерлері сотталғандарды және қамауға алынған адамдарды азаптау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелді.

Зерттеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Орал қалалық сотына жіберілді, басты сот талқылауы тағайындалды.