«Есірткіге жол жоқ» деп айтамыз

«Есірткіге жол жоқ» деп айтамыз

Сот үкімімен азаматша Ч. жеке тұтыну үшін аса ірі мөлшерге жататын салмағы 8,4595 грамм экстракциялық опий-есірткі құралын заңсыз дайындағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Азаматша Ч. есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз дайындағаны және сақтағаны үшін кінәсін айыптау тарабы бұлтартпас дәлелдер ұсынған соң толық мойындады.

         Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы азаматтарға есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.