Жалға берудің заңдылығына талдау жүргізілді

Жалға берудің заңдылығына талдау жүргізілді

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс аумағындағы республикалық және коммуналдық мүліктің меншігіндегі бос ғимараттар мен үй-жайларды бизнес субъектілеріне жалға берудің заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау барысында, 50-ден астам коммерциялық үй-жайлар ұзақ уақыт бос екендігі анықталды.

Уәкілетті органдар «www.gosreestr.kz» порталында коммуналдық мүлікті жалға беру туралы мәліметтерді көрсетумен ғана шектелген, бұл туралы кәсіпкерлер бейхабар болғандықтан сол арқылы бұл үй-жайларды жалға алуға өтінімдер жоқ.

Дегенмен, «Крыша.КЗ» хабарландыру сайтын зерделеу барысында жалға берілетін бос ғимараттар мен үй-жайларды іздеу туралы 10-нан астам хабарландыру бар.   

Онда көрсетілген ғимараттар мен үй-жайлардың жалға беру құны (1 ш.м. үшін - 3600 теңге) жалға берілетін мемлекеттік мүлік бағасынан (1 ш.м. үшін - 1800 теңге) әлдеқайда жоғары.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша бүгінгі күні 11 коммуналдық үй-жай кәсіпкерлерге жалға берілді.