Киік мүйіздерін тасымалдаушылар бас бостандығынан айырылды

Киік мүйіздерін тасымалдаушылар бас бостандығынан айырылды

 

         Орал қалалық сотының үкімімен «К» және «С» атты Қазақстан Республикасының азаматтары киік мүйіздерін заңсыз иемденгені, сақтағаны және тасымалдағаны үшін 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды  (ҚК-тің 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді).  

        Сотталушылар Орал қаласының аумағында «МАЗ» автокөлігінің тіркемесінде алдын-ала дайындалған құпия орынға 1 169 дана киік мүйізін Ресей Федерациясының аумағына өткізу мақсатында жасырғаны анықталып, аталған көлікті қала аумағынан шығар кезде полиция қызметкерлеріне ұсталған. Салдарынан мемлекетке 2,5 млрд. теңге залал келтірілді.

        Басты сот талқылауында «С» атты сотталушы екінші  атты  сотталушының аталған іске ешқандай қатысы жоқ екендігін айтып сотты сендіргісі келді.

        Алайда, мемлекеттік айыптаушының нақты және жүйелі ұстанымы, сотталушылардың кінәсін растайтын даусыз дәлелдемелерді сотқа ұсынуымен айыптау үкімін шығаруға ықпалын тигізді.

        Сонымен қатар, сот ұзақ мерзімге  бас бостандығынан айырудан басқа, сотталғандардан мемлекет пайдасына 2,5 млрд. теңге мөлшеріндегі залал сомасын өндіру туралы шешім қабылдады.

        Үкім заңды күшіне еңген жоқ.