Прокурорлар бюджет қаражатын жымқырудың алдын алды

Прокурорлар бюджет қаражатын жымқырудың алдын алды

Облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерін субсидиялау мен кредиттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың жай-күйіне тексеру жүргізді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары» (бұдан әрі – қағидалар) бекітілді.

Мемлекет мемлекеттік гранттарды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

Бұл ретте бағдарлама шеңберінде оқудан өткені туралы сертификаттың болуы мемлекеттік грант алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады (Қағидалардың 4-тарауы).

Тексеру барысында азамат А қайтарымсыз мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін басқа тұлғаға берілген жалған сертификатты пайдаланғаны, осылайша конкурсқа заңсыз қатысқаны және кейіннен оның жеңімпазы деп танылып, нәтижесінде 4 000 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік грант алғаны анықталды.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасымен ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, одан әрі тергеу үшін БҚО бойынша ЭТД-не жіберілді. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті жасалған қылмыстық құқық бұзушылық кінәсін мойындап, мемлекетке келтірілген залалды толық өтеген.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасымен және қорғау тарапымен процессуалдық келісім жасалды және қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Орал қалалық сотына жіберілді.