Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы аймақ кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау мақсатында «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде «Zashita Biznesa Prokuratura ZKO» атты аккаунттарын құрған.

Көрсетілген аккаунттарда кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда жүгінуге қажетті байланыс нөмірлері орналасқан.

Алайда, жоғарыда көрсетілген прокуратура органдары қызметкерлерінің байланыс нөмірлері мен сауалнамалық деректерін пайдалана отырып телефон алаяқтықтары орын алуда.

Егерде, Сізге прокуратура органдарының қызметкерлері болып ұсынылып, ақша қаражатымен байланысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүргізу туралы өтініш білдірген адамдардан қоңыраулар келіп түскен жағдайда арандатушылыққа берілмей және тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарына дереу жүгінуді сұраймыз.

Сақ болыңыз!