Тергеу изоляторы камерасындағы дене мүшелерiн зақымдау туралы

Тергеу изоляторы камерасындағы дене мүшелерiн зақымдау туралы

Әлеуметтік желілерде сотталған Туренков Виталий Жоржевичтің бейне хабарламасы пайда болды, ол сот актілерімен келіспейтіні туралы Мемлекет басшысына жүгінген  және ашық түрде  көрсетіп дене мүшелерiн зақымдаған.

Бұл азаматты сот кісі өлтіргені үшін 14,1 жылға бас бостандығынан айырып, оның әрекеттерінде қауіпті рецидивті мойындады, өйткені ол бұрын зорлық-зомбылықпен ауыр қылмыстар үшін екі рет сотталған (қару қолданып қорқытқаны үшін, сынған бөтелкені пайдаланып бұзақылық жасағаны үшін).

Апелляциялық сатымен сотталған адамның дәлелдері қанағаттандырусыз, ал үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Сот анықтағандай, Туренков кішігірім сылтауды пайдаланып, яғни балконнан бірге тұратын әйелімен жас адамдардың танысу әрекетін көріп, ас үй пышағымен қаруланып, көшеге шыққан. Ол бейтаныс адамдарға жақындап, пышақты сермеп, жанжалды бастаған.

Нәтижесінде ол оқиға орнында қайтыс болған ер адамдардың бірінің жүрегіне пышақ жарақатын келтірді.

Өзі жәбірленушіге көмектесуге тырыспай, қылмыс орнынан бірден қашып кеткен.

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде төрт жас бала әкесіз, қарт ата-ана асыраушысыз қалды.

Сотталғанның бейне хабарламасы қоғамдық пікірді бұрмалау мақсатында жасалды және ашық-бопсалау сипатына ие.

Дене мүшелерін зақымдағаннан кейін оған дереу медициналық көмек көрсетілді.

Ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмады, өйткені ол іш аумағынан терең емес кесіктерді ғана жасаған, ал өмірлік маңызды органдар зақымдалмаған, денсаулығы тұрақты.

Қазіргі уақытта сотталғанға тыйым салынған затты, яғни ұялы телефонды пайдалану фактісі бойынша БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде.

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы